Білім саласында жұмыс істейтін 4 адамның үшеуі әйел

Уақыты: 2020-06-10 Көрлімі: 1435 Сипаттама

Ranking.kz порталындағы мәліметті бойынша 2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша, білі...

ұстаз.jpg

Ranking.kz порталындағы мәліметті бойынша  2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша, білім саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 154,6 мың теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 40,6 пайызға, инфляцияны ескергендегі шынайы өсімі 32,6 пайызға жетіп отыр. Білім саласында жұмыс істейтіндердің 26,2 пайызы ғана - ер адамдар, ал қалған 73,8 пайызы - әйелдер. 

Сайттың мәліметі бойынша ең жоғары жалақыны жоғары білім қызметкерлері - 190,9 мың жеңге жалақы алады. Ең төменгі жалақы алатын мектепке дейінгі білім саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы - 90,3 мың теңге. Инфляцияны қоса алғанда өткен жылдан бергі өсім - 21,5 пайыз. Бастауыш білім беру сегменті қызметкерлері - 137,74 мың теңге, орта білім қызметкерлері - 171,8 мың,  Ал қосымша білім беру қызметі саласы қызметкерлерінің жалақысы - 157,8 мың теңгеге, білім берудің өзге сегменттері қызметкерлерінің жалақысы - 133,75 мың теңгеге жетті.

Осы жылдан бастап педагогтарды аттестаттау жүйесі жетілдіріліп, біліктілік санатыүшін шекті баллға қойылатын талап күшейтілді. Білім беру ұйымдарыбасшылары үшін алғаш рет аттестатция енгізілді. Оның нәтижесінде лауазымдық жалақыға 30-дан 100 пайызға дейін үстеме қосылу арқылы санат беріледі. Басшылардың жалақылары алғаш рет жұмыс нәтижесіне байланысты сараланады.

Өңірлер шегінде білім беру саласындағы ең жоғары жалақы елордада тіркеліп отыр. Нұр-Сұлтан қаласы мұғалімдерінің жалақысы - 260,3 мың теңге. Бұл осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 32,5 пайыз жоғары. Елорда ұстаздарының жалақысы Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 1,7 есе асып түседі. Екінші және үшінші орында - Алматы (181,3 мың, өсім 27,5 пайыз) және Алматы облысы (158,5 мың, өсім 49,5 пайыз) тұр. Ең төменгі жалақыны Батыс Қазақстан облысының білім саласы қызметкерлері алады. Олардың жалақысы - 134,6 мың теңге. Бір жылдағы өсімі - 43,1 пайыз.

2020 жылдың 1-тоқсанындағы деректерге сәйкес білім саласында 1,1 млн адам жұмыспен қамтылған, жылдық өсім - 1,8 пайыз. Білім саласында жұмыс істейтіндердің 26,2 пайызы ғана - ер адамдар, ал қалған 73,8 пайызы - әйелдер. Секторда жұмыспен қамтылғандардың 98,5 пайызы - жалдамалы қызметкерлер.


Пікір жазу
  • Microsoft: Қазақ тілінің 22 миллионға жуық сөйлеушісі бар
    Қазақстандық 10 университет әлемнің үздік 1000 университеттерінің рейтингіне енді