Болашақта микро және шағын кәсіпкерлікті несиелеу шарттары қандай болады

Уақыты: 2020-06-23 Көрлімі: 868 Сипаттама

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Бизнестің жол картасы 2025»...

17ce274bbb27514fb70950f1f6e0e7d5_XL.jpg

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде микро және шағын кәсіпкерлікті микронесиелеу шарттары қандай болатынын айтып берді. 

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа бағыт іске қосылады. Бұл – микро және шағын кәсіпкерлікті микронесиелеу. Бизнестің осы санаты үшін субсидиялау есебінен кредиттер 6% мөлшерлеме бойынша қолжетімді болады. Несиелер айналым қаражатты толықтыруға 5 млн теңгеге дейін, ал өндірістік қажеттіліктерге 20 млн теңгеге дейін берілетін болады.  «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие сомасы шектелмейді. Ал субсидиялау мерзімі 10 жыл. Сонымен қатар мемлекет несие мөлшерінің 85%-не дейін кепілдік беруді қамтамасыз етеді. Несиені коммерциялық банктер мен микроқаржылық ұйымдар береді. Субсидиялау және кредиттерді кепілдендіру рәсімдері барынша жеңілдетіледі. Бағдарламаның негізгі мақсаты - микро және шағын бизнесті жеңілдетілген несиемен барынша қамту», - деді ол.

Сондай-ақ министр жеңілдетілген несие беруді кеңейту бойынша бірқатар шара қабылдантынын айтты.

««Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл шағын және орта бизнеске қызмет түріне қарамастан бағдарламаға қатысушы болуға және жеңілдетілген қаржы алуға мүмкіндік береді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша тауарлар мен қызметтер тізімі айтарлықтай кеңейтілді. Осы бағдарлама бойынша несиелеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды», - деді ол.

Руслан Дәленов сонымен қатар Ұлттық банк шағын және орта бизнеске, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге салалық шектеусіз жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосқанын айтып өтті.

«Несие айналым қаражатты толықтыруға 1 жылға 8%-бен беріледі. Бұл бағдарламаға 600 млрд теңге бөлінеді. Жалпы, несиелеуді ұлғайту үшін көптеген шектеулер алынды. Тетіктер жеңілдетіліп, қаражат көлемі ұлғайтылды», - дейді Ұлттық экономика министрі.


Пікір жазу
  • Қазақстан Жапонияға жылқы етін экспорттайды
    Дәурен ТЕНЕСОВ: Тестілеуде көшіріп жазған адам грант ұтып алса, әділетсіз болады

    Ұқсас тақырыптар