Қырымбек Көшербаев: Абай аңсаған қоғамды орнатуымыз керек

Уақыты: 2020-09-04 Көрлімі: 867 Сипаттама

аңсаған қоғам – ойы озық, санасы сергек «толық адамның» толыққанды қоғамы. Біз ақын мұр...

30881a8eafbe2cccb6cc0055bff7aded.jpeg

аңсаған қоғам – ойы озық, санасы сергек «толық адамның» толыққанды қоғамы. Біз ақын мұрасына және зиялылар әлеуетіне сүйеніп, осындай қоғам орнатуымыз керек.. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Алматыда Достық үйінде өтіп жатқан Президент Жолдауын талқылау отырысында айтты.

«Ұлтымыз бен жұртымыздың жаңа болмысын қалыптастыру үшін бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ. Осынау мәртебелі міндет жолында ұлы ақын мұрасына сүйеніп әрекет жасасақ, берекет табатынымыз анық. Біз іздеген барлық сауалдың жауабы хакім Абайдың өлмес өлеңінде, салиқалы сөзінде тұр. Абай аңсаған қоғам – ойы озық, санасы сергек «толық адамның» толыққанды қоғамы. Біз ақын мұрасына және зиялылар әлеуетіне сүйеніп, осындай қоғам орнатуымыз керек. Ол қоғамның ұлттық идеясы білім мен ілімге жетелейтін тәуелсіз елдің ағартушылық ұстанымы болуға тиіс. Ұлт болмысын жаңғырту барысында Абайды толғандырған жағымсыз қасиеттерден арылуымыз керек. Қай дәуірде де қазақ зиялылары өз қоғамында мәртебелі миссиясын атқарып келеді. Мысалы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында қаламгерлер ұлттың рухын көтерді. Ұлт жазушылары жылымық кезеңде (оттепель) ел мүддесімен өзектес шығармаларды өмірге әкелді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында зиялылар халықты береке-бірлікке шақырды, ұлттық құндылықтарды түгендеп, тарихымызды жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Жаңа тарихи кезеңде қазақ зиялыларының ендігі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын қалыптастыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Сіздер – қазақ зиялылары – ұлттың ұлы мақсатына адастырмай апаратын темірқазығы болуларыңыз керек», - деді Қырымбек Көшербаев.


Пікір жазу
  • Дәленов кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты
    Сайлау мәдениеті және демократия баспалдағы