Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша әлемде 53-орында тұр

Уақыты: 2020-10-14 Көрлімі: 814 Сипаттама

Қазақстан денсаулық сақтау саласының деңгейі бойынша әлемдегі 93 елдің ішінде 53-ші орын...

31_main.jpg

Қазақстан денсаулық сақтау саласының деңгейі бойынша әлемдегі 93 елдің ішінде 53-ші орында тұр, деп Ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлаймыз.

Денсаулық сақтау саласының деңгейі бойынша әлемдік рейтингті ірі мәліметтер базасы саналатын Numbeo жариялады.

Аталмыш рейтингте Қазақстан 93 мемлекеттің ішінде 53-ші орын алған. Біздің ел сонымен қатар ТМД елдерінің ішінде денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша ең жоғары индекске ие.

Бұл тізімде Беларусь (59-шы орын), Ресей (63-ші орын), Украина (78-ші орын) және Әзербайжан (91-ші орын) Қазақстаннан қалып келеді.

Рейтинг денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс сапасын, медициналық жабдықтармен, құрылғылармен қамтамасыз ету деңгейін, медициналық қызметкерлер мен денсаулық сақтау саласыындағы мамандардың кәсібилігін, емханалардағы емделу құнын және тағы басқа көрсеткіштерді бағалайды. Әлемнің үздік бес елдің қатарынан Тайвань, Оңтүстік Корея, Франция, Жапония және Дания көрінді.

Снимок.JPG

2020 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда денсаулық сақтау саласында жалпы сомасы 749,2 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 19,2% көп. Сонымен қатар бұл қызметтердің 80,4% - бюджет есебінен, 11,8% - халық есебінен, 7,8% - кәсіпорындар есебінен көрсетілген.

2.png

Аймақтарды бөліп қарағанда денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтердің көбі Алматығы тиесілі: 128,5 млрд теңге – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 22,6%-ға артық. Екінші және үшінші орын Нұр-Сұлтан (104,2 млрд тг, +10,1%) және Қарағанды облысы (53,1 млрд теңге, +24%) тұр.

Көрсеткіші ең үлкен екі қала мен бір облысқа елде көрсетілген жалпы медициналық қызметтердің үштен бірі тиесілі.

03.png

Қызмет секторының жартысынан көбі ауруханада көрсетілген. Атап айтқанда ауруханалардың хирургиялық бөлімшесінде - 80,1 млрд теңге, гинекологиялық бөлімше мен перзентханаларда - 37,3 млрд теңге, психиатрлық ауруханаларда - 16,8 млрд теңгенің қызметі көрсетілген.

4.png


Пікір жазу
  • Елбасы 100 мың отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер ұйымдастыруды тапсырды
    Премьер-Министр санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты қандай тапсырма берді?

    Ұқсас тақырыптар