АҚШ пен Германия бірлесіп әзірлеген вакцина сынағы сәтті аяқталды

Уақыты: 2020-11-11 Көрлімі: 7400 Сипаттама

АҚШ-тың Pfizer және Германияның Biotech компаниялары бірлесіп шығарған коронавирусқа қарсы в...

5fa93768ae5ac9604816b86c.jpg

АҚШ-тың Pfizer және Германияның Biotech компаниялары бірлесіп шығарған коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен сәтті өтті, деп turkystan.kz-ке сілтеме жасап хабарлаймыз. 

27 шілдеде басталған сынақтың үшінші кезеңіне 6 елдің 43 мыңнан аса азаматы қатысты. Сынақ нәтижесінде препараттың коронавирус дертінен қорғау тиімділігі 90%-дан жоғары екені дәлелденді. 

Жаңа вакцина осы айда тіркелмек. Келесі жылы бұл вакцинаның шамамен 1 млрд 300 млн данасы шығарылады. Осы жаңалық жарияланғаннан кейін әлем нарықтарында мұнай бағасы өсті. Brent үлгісіндегі қара алтын 8%-ке қымбаттап, бір баррелінің құны 42,5 доллардан асты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Оксфорд университеті мен AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы бірлесе әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцина сынағына қатысқан еріктілердің бірі – Бразилия тұрғыны көз жұмғанын хабарлағанбыз. 

28 жастағы сынақ қатысушысының қазасына коронавирустың асқынуы себеп болған. Бұл ақпаратты Бразилияда вакцина сынағының үшінші кезеңін өткізуге көмектескен Сан-Паулу Федералды университеті растады.

Дереккөз: Turkystan.kz

Пікір жазу
  • Отандық тамақ өнеркәсібі әлем нарығына дайын ба?
    Даму бағдарламасы ұлттық дамуға басымдық береді

    Ұқсас тақырыптар