Алматының индустриялық аймағында қандай жаңа жобалар іске қосылды

Уақыты: 2020-12-30 Көрлімі: 117 Сипаттама

Алматының индустриялық аймағында 35 жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммун...

201230153503540a3735830i.jpg

Алматының индустриялық аймағында 35 жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы қаласының Индустриалды аймағы директорының міндетін атқарушы Әділ Амралин айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

2020 жылы Алматы индустриялық аймағында жалпы сомасы 28,8 млрд теңгеге 3 жоба іске қосылды. Бұл жобалар 442 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Олар «ДорХан-Алматы» ЖШС металл өңдеу және жылжымалы қоршау конструкцияларын, Автоматты қақпалары мен рольставтарын өндіру зауыты, құны 28 млрд теңге болатын жылына 45 мың автокөлік шығаратын «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауыты.

Сондай-ақ, құны 443,4 млн теңге, жобалық қуаты жылына 29 млрд теңге медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын «Алмерек» ЖШС зауыты бар.

Жақын арада жалпы сомасы 16,8 млн теңгеге тағы 5 жобаны («Рахат СК» ЖШС автоклавты қатыру жылу-газ блогын өндіру зауыты, «Техноконт» ЖШС орташа вольтті жиынтықты тарату құрылғыларын өндіру зауыты, «Valtherm» ЖШС алюминий және биметалды жылыту радиаторларын өндіру зауыты, «КМК Investment» ЖШС кабель-өткізгіш өнімдерін өндіру зауытының екінші кезеңі, «Г.С.Г. Высотник» ЖШС автоклавты ұяшықты газобетон өндіру зауыты) іске қосу жоспарлануда. Осы жобалардың арқасында 388 жаңа жұмыс орны ашылады.

«2021 жылы және одан кейінгі жылдары Алматының индустриялық аймағында 5 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде экспортқа бағдарланған 15 кәсіпорынды құра отырып, сомасы 119,7 млрд теңгеге 35 жобаны іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта аталған резиденттер бөлінген учаскелерде жобалау, құрылыс, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылы индустриялық аймақ аумағында 5 өнеркәсіптік парк салынып жатыр»,- деді спикер.

Алматы индустриялық аймағының резидент компаниялары Алматы қаласы экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жатыр. Сондай-ақ еліміздің жедел экономикалық өсуіне, импортты алмастыруға, ішкі нарықты молықтыруға, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға және әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал етеді.


Пікір жазу
  • Асқар Мамин: Пандемия мен дағдарысқа қарамастан жұмыссыздықты 5 пайыз деңгейінде сақтап қалдық
    Болашақ бағдары - білім биігіне талпыну

    Ұқсас тақырыптар