Болашақ бағдары - білім биігіне талпыну

Уақыты: 2021-01-08 Көрлімі: 49 Сипаттама

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газет...

30dc35d054d05837a4cf16ae53af13be.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еліміздің өткені, қазіргісі және болашағы туралы сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді - жастарды жаңа бел-белестерді бағындыруға, жаңа серпінді дамуға жігерлендіреді.

Болашақ бағыт-бағдарымызды айқындауға шақыра отырып, өткен жолдарымызға нақты талдау жасалған аса маңызды құжат ретіндегі «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт тараудан тұратын әрі Президенттің кемел ойлары айтылған мақаласында «Тәуелсіздік – бұл біздің халқымыздың ең басты құндылығы және ең маңызды байлығы» деп атап өткеніндей, биыл еліміздің Тәуелсіздігі жарияланғанына 30 жыл толады. Мемлекет басшысы мақаласында 30 жыл ішінде бағындырған белестерімізге және жеткен жетістіктерімізге тоқтала отырып, мемлекеттік тіл, жер, мәдениет, экология салалары, жастардың тәлімді тәрбиесі секілді елдегі маңызды мәселелер жайында сөз қозғайды.

Сонымен бірге Президентіміз осы мақаласында: «Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі», - дей отырып,  Отанын, жерін, елін шын сүйетін, дамуына қажырлы еңбек сіңіретін азаматтарға лайықты баға бере отырып, бізді-жастарды шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуімізге жігерлендіреді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев: «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» деп мақаласында айтып өткеніндей, мен де еліміздің дамып, болашақта нығайып, одан ары өркендеуі  үшін аянбай еңбек ететін жас ұрпақ тәрбиеленуі керек деп есептеймін.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласында айтылған осындай маңызды ойлар жастарды білім алуға, тіл үйренуге, ғылыммен айналысуға шақырып, көкірек көзін оятуға және көкжиегін кеңейтуге жетелей отырып, жастардың мәдени және рухани дамуына ықпал етуде, ұлттық сана-сезімін дамытуда, шығармашылық қабілеттерін арттыруда, ғылыми ізденіске себепкер болуда маңызы зор.

Ата-бабамыздың аманат етіп қалдырған ең ұлы тарихи шығармаларын, әлі де зерттелмей жатқан ұлы мұраларын терең зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізу болашақ жастар - біздің еншімізде!

 

 

 Өзенбек Еркебұлан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тарих, археология жəне этнология факультетінің  

Ғылыми тарих мамандығының 3-курс студенті

 

 

Ғылыми жетекші: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Абикенова Г.Е.

 

 


Пікір жазу
  • Алматының индустриялық аймағында қандай жаңа жобалар іске қосылды
    Тоқаев: Парламентте еліміздің келешегі жайында кең ауқымды пікірталастар болуы керек

    Ұқсас тақырыптар