2020 жылы ауылшаруашылық дақылдарының түсімі қалай болды?

Уақыты: 2021-02-26 Көрлімі: 1118 Сипаттама

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған егістік алқабы жалпы республика бой...

1423128435_l.jpg

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған егістік алқабы жалпы республика бойынша 22 582,3 мың гектарды құрады (2019 жылға қарағанда 2% жоғары). Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

Оның ішінде дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдардың алқабы 15 878,4 мың гектарды (3,1% көп), майлы дақылдар 2 905,1 мың гектарды (1,5% көп), ашық топырақта өсірілген көкөністер 163,6 мың гектарды (2,8% көп), картоп 194,4 мың гектарды (0,7% көп) құрады.

Тазалағаннан кейінгі салмақта дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдардың жалпы көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 15,1% жоғары болып, 20 065,3 мың тоннаны құрады. Ашық топырақта өсірілген көкөністер – 4,9% көп болып, 4 340,7 мың тоннаны, бақша дақылдары – 1,8% артып, 2 425,1 мың тоннаны, картоп – 2,4% артып, 4 006,8 мың тоннаны құрады. Бұл ретте майлы дақылдарды жалпы жинау 1,1% азайды және 2 556,5 мың тонна болды.

2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда тазалағаннан кейінгі салмақта дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдардың түсімі 12,3% көбейіп, 12,8 ц/га құрады.

Ашық топырақтағы көкөністер (түсімділігі 2,1% өсті), бақша дақылдары (1,8%), картоп (1,6%) үшін осы жыл аса өнімді болды.


Пікір жазу
  • Қазақстанда компьютер техникаларының өндірісі артып келеді
    Алға басқан азаматтық қоғам

    Ұқсас тақырыптар