Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме: Елтаңба қалай жасалды...

Уақыты: 2021-12-14 Көрлімі: 253 Сипаттама

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ электронды нұсқада «Т...

211214142627569e.jpg

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ электронды нұсқада «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабын шығард, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі электронды кітап – 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі соңғы үш онжылдықтағы Қазақстан Тәуелсіздігінің жетістіктерімен тікелей немесе жанама байланысты бірегей оқиғалар альманахы.

Спикерлердің көпшілігі тарихи оқиғаның куәгері бола отырып, өздерінің жеке естеліктері мен эмоцияларымен бөліседі, ел дамуының әрбір нақты кезеңінің бұрын белгісіз болған бөлшектерін еске алады. Сонымен қатар, бұл кітапта соңғы 30 жыл ішіндегі экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени процестерді талдайтын салалық сарапшылардың пікірлері келтірілген. Әңгімелерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаттағы бейнесі ерекше орын алады.

«ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына осы кітаптан үзінділер жариялайды.

«Шаңырағымыз биік болсын»: Мемлекеттік Елтаңбаны жасау

Жандарбек МӘЛІБЕКОВ,

Архитектор, Елтаңба авторы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында қаншалықты терең мағына бар екенін көпшілік түсінбе бермейді. Ол сізге көрінетін әбір элементінде бар. Оның философиясының мықтылығы сонша Елтаңбаның өзі біздің мемлекеттілігіміздің тұмары болып табылады. Себебін де айта кетуімізге болады.

1992 жылдың басында тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің ең үздік жобасына конкурс жарияланды. Ол кезде мен Ташкентте тұратын едім. Таныстар маған байқаудың шарттары жарияланған газетті берді. Мен толыққанды зерттеулермен салыстыруға тұратын өте ауыр, мұқият жұмыс жасадым.

Мерзімі үш ай болды. Мен қазақ халқының тарихына, біздің елдің мәдениеті мен салт-дәстүріне терең ендім. Өз жұмысымда біздің рухани мұрамыздың тереңдігін көрсеткім келді. Жобамның мағынасын жақсы сөздермен жеткізуге болады: «Шаңырағың биік болсын, керегең кең болсын, босағаң берік болсын!». Қазақтар үшін ең бастысы – осы тілек-бата!

Сосын біздің рәміздеріміздің негізгі элементтерінің бірі – киіз үй. Киіз үй – адамзаттың ежелгі сәулет туындысы, тіпті Египет пирамидаларынан да көне екенін адамдар біле бермейді. Бұл мобильді тұрғын үй көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп отырды. Шаңырақ басқа да мағынада айтылады. Жастар үйленіп, отау құрған кезде қазақтар әдетте «үй ішінен үй тігеді» дейді. Оларға өз бетінше өмір сүру үшін киіз үй сыйға тартылады. Шаңырағымыз КСРО-дан бөлініп шыққан жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты.

Содан кейін бір көзбен қарағаннан-ақ мемлекетіміз қорғалып тұрған болуы керек деген сұрақ туындады. Мен тағы да тарихи фактілерге жүгіндім: Қазақстанда жылқылар алғаш рет қолға үйретілді. Біздің тарихымызда тұлпар батырдың серігі, қорғаушысы деп айтуға болады, ат - ер қанаты, жаудан құтқарушы. Менің жобамдағы жылқылар да ерекше: көптеген мәдениеттерде мүйізді аттар қасиетті деп саналады. Елтаңбада бейнеленген аттың мүйізінде біздің дәстүріміз бейнеленген. Әдемі және күшті мүйіздер жеті сақинадан тұрады.

Олар Жеті ру – «жеті ата» дегенді білдіреді. Елтаңбадағы тұлпарлардың қанатты жылқылар екендігі туралы пікірлерді жиі оқып, естимін, бірақ бұл пікір дұрыс емес. Шын мәнінде «қанатты ат» – Ренессанс уақытының тарихи дәуірі. Олар үлкен, орта және кіші сілтемелерден тұрады, олар бірігіп, ер-тоқымға «отырады». Бұл үш жүз арасындағы бірігу мен келісім дәуірін көрсетеді.

Жас мемлекеттің тұрақтылығы туралы әсер қалыптастыру үшін Елтаңба бейнесінде желбау бейнеленген. Қатты жел кезінде киіз үйді нығайту үшін желбауға ауыр заттар байланады. Киіз үйдің ішінде желбау ілініп тұруы керек, бірақ Елтаңбада мен «табалдырықты» нығайту үшін оны сыртқа шығардым. Кіреберістің үстіне мемлекеттің атауы – «Қазақстан» деген жазу қосылды. Ал уықтар шаңырақты ұстап тұрады, бұл біздің елімізді тұрып жатқан түрлі ұлттар.

Ең үздік мемлекеттік рәміздерге арналған ауқымды конкурсқа 245 жобаның қатысқандығы есімде. Комиссия әр апта сайын жиналып отырды, соңында менің жобам депутаттардың қарауына ұсынылды. Комиссияның отырысынан бөлек Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі келіп, конкурсқа түсіп жатқан Елтаңба нұсқаларымен танысып шығыпты. Бәрін мұқият қарапты, менің жобам қатты ұнады.

Бұл жерде Жоғарғы Кеңес депутаттарының наразылығын тудырған элементтер туралы жеке айта кетсем деймін. Менің жобамды мақұлдамас бұрын, Елтаңбадан мүйізді жылқыларды, арқарларды және бес бұрышты жұлдызды алып тастауды талап еткендер болды. Халық қалаулыларына менің арқарларым ұнамады. Бірақ бұл біздің тарихи сәндік-қолданбалы өнеріміздің бір бөлігі – әйгілі сақ аң үлгісі! Сонымен қатар, мұндай геральдика симметриялы Елтаңбаның масштабы мен пропорциясын ерекше атап өту үшін қажет болды. Мұндағы «Босағаң берік болсын» элементі берік табалдырықтың арқасында жоғарғы көлемнің орнықтылығын көрсетеді. Осыны айттым, сосын біздің арқарларымыздың Австралия елтаңбасындағы кенгурудан қай жері кем екенін түсіне алмағаным әлі есімде.

Жұлдызшаға қатысты да оқиға қызық еді. Депутаттар тарапынан айтылған ұсыныс-тілектер, талаптардың барлығы орындалды. Түзетулер жасалды. Маған бұрынғы жобама қарағанда олқыланып қалғандай көрінді. Сүйтсем Президент Нұрсұлтан Әбішұлы да түзетілген Елтаңбаның сарқылып қалғанын байқапты. Сол кезде ол: «Құрметті депутаттар, бес жұлдызды бұрынғы совет билігімен еш шатастырмайық. Қазақтарда «Жұлдызың жансын» деген әдемі сөз бар. Біз әркімнің өз жұлдызы бар екеніне сенеміз және осындай жас еліміздің де өз жұлдызы болуы керек, әрі ол жарқырап тұруы керек деп санаймын. Біздің өз даму жолымыз бар» деді.

Елбасының осы пікірінің өзі қосымша дауысқа салынып, нәтижесінде «Жұлдыз» өз орнына қайта оралды. Кешке Президенттің өзі қоңырау шалып, алып тасталған элементтерді Елтаңбаға қайта қалдыруды өтінді. Келесі отырыста комиссия төрағасы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Салық Зиманов, ҚР тұңғыш Конституциясын қалаушыларының бірі Сұлтан Сартаев, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев сөз сөйледі. Бұл талқылаудағы басты тұлға да Президент Нұрсұлтан Назарбаев еді. Түптеп келгенде біздің мемлекеттік рәміздерімізді қорғауымыз оңайға соққан жоқ. Бірақ, бәрі де сәтті аяқталды.

Жалпы, мен дәл осы сәттен бастап-ақ барлық жылдар бойы Елтаңбамен айналыстым. Оның стандарты мен эталонын әзірлеуге қатыстым, 2019 жылы елдің атауында қаріпті кириллицадан латын әліпбиіне ауыстырдық, сондай-ақ маған Президенттік штандартта Елтаңба дайындау кезіндегі жұмысты басшылыққа алуды сеніп тапсырылды. Әрине, осы уақыт ішінде түрлі іс-шаралар барысында Елбасымен әңгімелесіп тұрамыз. Ондай кездері ең бірінші кезекте біздің Мемлекеттік Елтаңбаны қандай қиындықпен қорғағанымыз еске түседі.


Автор Қанат Мәметқазыұлы


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз елдіктің бірегей үлгісін көрсетті
    Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздіктің отыз жылы – тұтас бір дәуір

    Ұқсас тақырыптар