Президент: Жаңа Қазақстан құру - болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс

Уақыты: 2022-03-01 Көрлімі: 207 Сипаттама

Жаңа Қазақстан құру болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс. Бұл туралы ҚР...

220301115329464e.jpg

Жаңа Қазақстан құру болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Қазір бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Жаңа құндылықтармен қатар күрделі сын-қатерлер пайда болуда. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Біз Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Бұл - өте ауқымды міндет. Тіпті, болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс деуге болады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атауы «Аманат» болып өгеретін партияның басты міндетін атады.

«Енді білек сыбана жұмыс жасауымыз керек. Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр. Партия атына заты сай болуы тиіс. Ел бірлігін нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру - бәрімізге ортақ міндет. Осы міндетті абыроймен атқарсақ, болашағымыз да баянды болмақ. Партияның әрбір мүшесі бұл жауапкершілікті терең сезініп, аянбай еңбек етеді деп сенемін. «Береке басы - бірлік« екенін әрдайым есте сақтайық! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Партиямыздың жаңа атауы құтты болсын!» - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады.

Сурет: Дереккөз

Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық пен адал бизнеске берген уәдеміз толықтай орындалады
    Ауылдардағы қоғамдық бастамаларға 500 мың теңгелік шағын гранттар беріледі

    Ұқсас тақырыптар