Ауылдардағы қоғамдық бастамаларға 500 мың теңгелік шағын гранттар беріледі

Уақыты: 2022-03-03 Көрлімі: 289 Сипаттама

Биыл ауылдардағы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына 500...

210412142154274a3775294i.jpg

Биыл ауылдардағы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына 500 мың теңгеден 50 шағын грант беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Қайырымдылық пен волонтерлікті ынталандыруға және дамытуға екпін береміз. Осыған байланысты тиісті заң жобасын ұсындық Жоба Мәжіліс қарауында, қабылдану мерзімі – 2022 жыл.

Заң қабылданғаннан кейін көтермелеу квоталары көбейеді. Осылайша, жұмысқа орналасқан волонтерлер саны айтарлықтай артады», - деді министр.

Министрдің мәліметі бойынша, биыл түрлі форматтағы 20 мыңнан астам іс-шара өткізуді жоспарланған,

«Ауылдардағы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық белсенділердің бастамаларына 500 мың теңгеден 50 шағын грант беруді жоспарлап отырмыз.

Яғни, жергілікті қоғамдастықты жұмылдыру, ауыл бастамаларын дамытуда көшбасшыларды анықтау және ауыл тұрғындарының цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған шағын гранттар конкурсы ұйымдастырылады», - деді Асқар Умаров.


Пікір жазу
  • Президент: Жаңа Қазақстан құру - болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс
    Қазақстан Украинаға қандай гуманитарлық көмек көрсетеді?

    Ұқсас тақырыптар