Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға

Уақыты: 2022-10-01 Көрлімі: 182 Сипаттама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж...

220930163945659e.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге барды, деп Ақордаға сілтеме жасап хабарлаймыз.

Мемлекет басшысы Абай облысына жұмыс сапары барысында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің жұмысымен танысты. Президент оқу орнының тарихы мен жетістіктеріне, білім ордасынан білім алған ұлы тұлғалардың өміріне арналған көрмені аралап, оқытушылар ұжымымен және студенттермен пікірлесті.

Еркін әңгімелесу форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мамандарға ризашылығын білдірді.

– Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Балаларға лайықты білім беріп жатырсыздар. Білімсіз адам қауқарсыз деп айтуға болады. Қауқарсыз адам қазіргі бәсекеге толы әлемде қалай өмір сүреді? Сондықтан жас мамандарға мен ризамын. Өздеріңіз сияқты жастарды мемлекет те әрқашан қолдайды, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент елімізде жастарға жағдай жасау үшін біраз реформа жүзеге асырылып жатқанын айтты.

 



Пікір жазу
  • Қ. Тоқаев: Қазақстан жаңа технологиялар саласында жетекші ойыншыға айналуға ниетті
    Жолдау және Саясаттың білім саясаты

    Ұқсас тақырыптар