Бағдат Мусин: Алматыда үздік IT мамандарын жинайтын өңірлік хаб құруға мүдделіміз

Уақыты: 2023-02-02 Көрлімі: 305 Сипаттама

Алматыда ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқа...

Снимок.JPG

 Алматыда ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан. Сондықтан қалада үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құру керек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форум барысында айтты, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Халықарылық форумға саяси көшбасшылар ғана емес, ірі IT-компаниялардың бас директорлары және цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ қазақстандық IT-қоғамдастығының өкілдері қатысып жатыр.

«Биылғы форум – «Жаңа болмыстағы цифрлық серіктестік» атауымен өткізіліп отыр. Біз Алматыда осымен бесінші рет цифрлық саладағы жаңашылдықтарды талқылап, үздік жетістіктер туралы айтатын боламыз. Алматы – еліміздің IT индустрияның астанасы болып табылады. Еліміздегі IT компаниялардың басым бөлігі осында орналасқан. Қуантарлығы, ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан. Сондықтан біз қаланың әлеуетін үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құруға мүдделіміз. «Әлемде цифрлық сала – көзді ашып-жұмғанша өзгеру үстінде». Бүгінгі форум заман талабына сай қарқынды дамып 2 келе жатқан IT сала өкілдерінің басын қосып, олардың «сағат тілдерін» теңестіретін игі дәстүрге айналды»,-деді Бағдат Мусин.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, әлем тез өзгеруде және барлық жерде цифрландыру негізгі қозғалтқыштарының бірі болмақ.

«Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі ретінде цифрлық трансформациялар фарватерінде сенімді түрде алға жылжуда. Алматыда цифрландырудың ену деңгейі Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады: бүгінде біздің қаламызда мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта жүргізіледі және бұл және бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді.Өткен жылдың шілдесінде Алматы алғаш рет Thoughtlab (Нью-Йорк) әлемдік жетекші зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша цифрлық даму стратегияларының әзірлігі дәрежесі жөнінде Азия қалаларының алғашқы бестігіне кірді»,- деді Ерболат Досаев.

Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 150-ден астам спикерлер – халықаралық және Қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейтін болады. Digital Almaty-ге әлемнің 30 елінен 15 мыңнан астам адам қатысып жатыр.

Панельдік сессияларда форумға қатысушылар өнеркәсіп салаларының автоматтандырудан цифрландыруға үдемелі көшуін, цифрлық майнинг перспективаларын, роботтандыруды қолдану салаларын, Еуразиялық өңірде IT-саланы дамытуды талқылауда.

Айта кетсек, ертең Digital Almaty пленарлық отырысына Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшылары қатысады.

ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің қатысуымен пленарлық сессияда талқылаудың негізгі тақырыбы тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациялардағы жаңа технологияларды дамыту бағытына арналады.


Пікір жазу
  • Қазақстан Каспий арқылы Қытай мен Еуропаның арасында деректер тасымалдайтын дәліз жасайды
    Amanat партиясы Мәжіліс депутаттығы кандидаттарының тізімінде кімдерді қосты?

    Ұқсас тақырыптар