«Қасым хан» сериалы түсіріледі

Уақыты: 2019-06-17 Көрлімі: 1311 Сипаттама

75 бөлімнен тұратын «Қасым хан» сериалы түсіріледі. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт м...

64373430_618008392020482_7217803544357765120_n.jpg

75 бөлімнен тұратын «Қасым хан» сериалы түсіріледі. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, Отырар төбе және Отырар сапар орталығымен таныстық. Менімен бірге танымал «Ертұғырыл» сериалының авторы және режиссёрі Гюнай Метин мен журналистер барды.

Жақында елімізде қазақ тарихындағы маңызды тұлға - Қасым хан туралы сериал түсірірілетінін білесіздер. Елбасының арнайы шақыртуымен келген Гюнай Метин сценарий жазып, режиссёр ретінде тарихи орындарды көруге аттанды.

Біз Отырар, Сарайшық, Сауран сынды қалаларымызды әлемге танытуымыз керек. «Қасым хан» сериалы барлық жағынан маңызды жоба, үш маусым бойы, ұзақтығы 75 серия түсіру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде: костюмдердің эскиздері, сол кездің тұрмыстық заттары жасалуда. Жақында фильмге кастинг жарияланатын болады, оған еліміздің әртістері шақырылады. Тарихымызды әлемге көрсету мақсатында бұл сериалдың орны ерекше болмақ.

Осыған байланысты Түркістан облысында салынып жатқан Отырар сапар орталығын көрдік. Бұл - еліміздегі ең ірі мәдени туризм орталығы. Сапар орталығын салудағы мақсат: Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шетелге таныстыру, тарихи-мәдени нысандарды қорғау мен сақталуын қамтамасыз ету. Сапар орталығы заманауи техникамен жабдықталған, ғылыми архив, лекция залы, қор сақтайтын бөлмелер, шеберханалар қарастырылған.

Тарихи-мәдени орындарды сақтап, оларды әлемге таныту үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қыруар жұмыс атқарып жүргені көпшілікке мәлім. Отырар сапар орталығы - осы бағыттағы маңызды қадам.

», - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.      

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Абай жазған Қарамола жарғысының түпнұсқа кітабы табылды
    Қ. Тоқаев: Байқоныр ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін ресейліктер ешқандай төлем жасағысы келмеген

    Ұқсас тақырыптар