Алтын Орда Италияға астық сатып тұрған – татар тарихшысы

Уақыты: 2019-10-18 Көрлімі: 106 Сипаттама

Әлемдік экономика және саясат Институтының (ӘЭСИ) ұйымдастыруымен өткен шараға негізг...

miemUDg7.jpg

Әлемдік экономика және саясат Институтының (ӘЭСИ) ұйымдастыруымен өткен шараға негізгі баяндамашылардың бірі ретінде Татарстаннан шақырылған этнограф, тарих ғылымдарының докторы  Дамир Исхаков Алтын Орданың экономикалық құрылымы туралы қызықты деректер айтты. Оның айтуынша, Алтын Орда  Ұлы Жібек жолының бойындағы көшпелі өркениет пен отырықшы шаруашылығы қатар дамыған түркі әлемінің ең алып мемлекеті болған.

 «Алтын Орда – шекпенінен көптеген түркі халқы шыққан алып империя. Сол үшін бұл мемлекеттің тарихы барлығымыз үшін өте маңызды. Әлбетте, көне түркі кезеңдерді ысыра алмаймыз. Алайда Алтын Орда дәуірі – ол шешуші уақыт, түркілердің жұлдызды сағаты. Себебі мұндай ауқымдағы империяны түркілер одан бері құра алған жоқ. Бұл мемлекет – көшпелі шаруашылықты отырықшылықпен ұштастырған ел. Ол өз дәуірінде қатты өркендеді. Ол дәуірде қалалық өмір де болды. Әдетте, тарихшылар Алтын Орданың даму деңгейін бағалай бермейді», – деген ғалым Алтын Орданың Ұлы Жібек жолындағы рөлі туралы пікір білдірді. 

 «Ұлы Жібек жолы Алтын Орда тұсында да болды. Ең бастысы, Алтын Орда – біздің халықтың тарихи санасында үлкен ізін қалдырып кетті. Эпостарда, аңыз-әпсаналарымызда Алтын Ордадан шыққан батырлар жырланады. Мысалы, түркі халықтарының бәрінде Едіге батыр туралы жыр бар. Сол себепті, бұл эпосты оқып отырып, Алтын Орданың күні қалай сөнгенін сезінесіз. Бұл дастандар біздің тарихи сананың бір бөлігі», – деді ол.

 Татар ғалымы өз сөзінде Алтын Орда туралы әлем елдерінде пікір әртүрлі екенін айтады. 

 «Еуропа елдерінің санасында бұл ел жау мемлекет ретінде қалған. Орыстарда да татар-моңғол шапқыншылығы деген сөздің барын білесіздер. Бұның бәрі тарих. Тарих толқыны жекелеген елдердің барлығының санасына әсер етті. Алайда бұл жайсыз пайым-пікірлер, түсініктер ескірері даусыз. Өйткені тарихты біз сабырмен қабылдауымыз керек»,– деді Дамир Исхаков. 

 Тарихшы Атын Орданың қазіргі Италия аумағындағы ірі қалаларды астықпен асырағаны туралы деректерді ең алғаш Еуропа ғалымдары қағазға түсіріп қалдырағанын айтады.

 «Алтын Орданың Италияға жылдар бойы астық сатқаны тарихи деректерде айтылады. Қай жылдар аралығында, қандай жолмен, қанша көлемде сатылғаны туралы деректер жоқ деуге болады. Бірақ Генуя мен Венеция Алтын Ордадан жеткен астықты азық еткені анық жазылған. Германия, Италия, Франция, Германия тарихшыларының еңбектерінде оқтын-оқтын кездесіп тұрады. Менің әріптесім Юлай Шәмілоғлы осы тақырыпты қаузап жүр. Неміс ғалымы Бертольд Шпулердің еңбектерінде бұл туралы нақты мәліметтер бар», – деді татар тарихшысы. 

 Есімжан Нақтыбайұлы

Дереккөз: inbusiness.kz

Пікір жазу
  • Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ. АБАЙДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯСЫ ТУРАЛЫ
    Н. МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ. АБАЙДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ ТУРАЛЫ