Н. МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ. АБАЙДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ ТУРАЛЫ

Уақыты: 2019-10-18 Көрлімі: 174 Сипаттама

Құндылық көзқарасы дегеніміз белгілі мәннен айтқанда, субъективтік қажеттіліктің өлш...

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл

photo_222875.jpg

Құндылық көзқарасы дегеніміз белгілі мәннен айтқанда, субъективтік қажеттіліктің өлшемі бойынша объективке жасалатын баға болып табылады. Өмірдегі адамдардың негізгі идеялық ұғымы. Сондықтан ол адамдардың қоғамға, өмірге және табиғат дүниесіне деген көзқарасы мен практикалық қимылының бағамдарын, нысанасын, тәсілдерін белгілейді. Сондай-ақ ол ұлттардың дара психологиялық құрылымын, эстетикалық ұғымын ахылақ (моральдық) принциптерін белгілейді де жалпы қоғамның рухни тұрмысы, шаруашылық тіршілігі сияқты жақтарға орасан зор әсер етеді. Мұнда құндылық таным мен құндылық ұғым көзқарасы өзара байланысты әрі бір-бірінен парықты болады. Оның байланысты жағынан алып айтсақ, құндылық таным – белгілі заттың (адамды да қамтитын) мағынасының аңыс етілуі; ал құндылық ұғым – белгілі бір тивтегі заттардың мәніне болған жалпы көзқарасы. Айырмашылығы жағынан алып айтсақ, құндылық таным – белгілі бір зат, белгілі бір адамның қоғамға немесе басқаларға пайдалы-пайдасыздығына берген тұжырымы. Ал құндылық ұғым – белгілі бір заттың қайткенде қоғамға немесе басқаларға жарамды болады деген мәселені шешеді. Құндылық танымда жеке адамдардың ерекшеліктері қарастырылады.

Субъективтік танымда, табантірер тұғыры, көзқарас, сезім әуестігі сынды факторлардың ықпалы болады. Ал құндылық ұғымда (көзқараста) көбінесе қоғамдық сипат бейнеленеді, кейбір адамдардың, белгілі қоғамдық топтрдың ортақ нәрселері аңыс етіледі. Құндылық ұғым – көзқарасы әлеуметтік өзгерістерден туылады. Қоғамның алға басуы ғылым мәдениеттің дамуы адамдарға қашан да дәстүрлі құндылық ұғымдарын толғандырады, екшейді, тіпті, адамдардың жалпы ұғым форматциясына бұрылыс жасайды. Бір заттардың даму барысына көз жіберсек, тарихтағы ғылым-мәдениет дамуының талай-талай жаңа белестері, әлеуметтік өзгерістер адамдардың құндылық ұғымына үздіксіз бұрылыс жасап, дәуірдің алға басуына үйлеспейтін әрі кедергі болатын дағдылы құндық ұғымдарды тастап, жаңа дәуірдің құндылық ұғым жетекшілігінде дамығандығын ашық көре аламыз. Алайда бір заттың, бір елдің сол дәуірдегі дүние мәдениетінің гаухарын қабылдауы 61

және дамытуы сол кездегі түрлі шарт-жағдайына байланысты болады. Солайда ХІХ ғасырда өмір сүрген Абай, патырар халық – феодалдық қоғамда ғұмыр кешкен адам болсада, ол сол кездегі таяу заманнан құндылық ұғымдарын қабылдай алған әрі таяу заман құндылық ұғымы бойынша, қазақ халқының іс жүзіндік ахуалын ашып көрсетіп, қазақ халықын даму жолына бет алдыру үшін жүргізген насихаттары мен айтқан пікірлерінен оның құндылық көзқарасына (құндылық ұғымына) қысқаша талдау жасау арқылы халқымыздың құндылық талғамын анықтауға болады.

Әлеуметтік жұмыс бөлісінің салалануы, адамдардың кәсіптенуі -адамзат қоғамының дамығандығынан, тіпті, бір ұлттың алға басатындығынан дерек береді. Абай Құнанбайұлы (1845-1904) өмір сүрген ХІХ ғасыр Батыс елдерінің өнеркәсіп мәдениеті қарқынды дамып, сан-салалы қоғамдық кәсіптер жарыққа шығып, ғылым-техника ұшқан құстай алға басқан дәуір еді. Осы кездегі дамыған Батыс елдері феодалдық қоғамның тұмшалануында жатқан Азия елдерінің шырқын бұзды. Ал Орта Азия даласына Патшалық Ресейдің үстемдік етуі және таяу заман идеологилықя ағымының таралуы, патрияхалдық – феодалдық қоғамның натуральды шаруашылығында өмір сүріп жатқан қазақ халқының дәстүрлі ұғымдарына қарама-қайшы келген. Алайда Абай сол дәуірдегі дүниежүзіндегі елдердің құндылық ұғымдарына және олардың дамуына назар аударған, сол арқылы, ол бір ұлттың дамуындағы басты мәселе әуелі құндылық ұғымға бұрылыс жасау қажет екенддігін түсінген. Сондықтан ол сол кездегі қазақ халқының кәсіптік талғамындағы мешеу үлгіні, баю тәсілінің жиренішті екендігін жеріне жете жеткізе әшкерлеп шенеген.

Олар «әуелі ұрлық, зорлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылып алып тағы да байыймын деп жүр. Ұлықтар «алып берем» деп саудагерлерді жеп, «құтқарам» деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып «мал алам» деп ұрыға атымды сатып «пайда алам» деп не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші – бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсек көп боласың, бүйтсек кек аласың мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Ұлықтар «бәлі-бәлі» бұл табылған ақыл екен деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп 62

сүйеймін деп, мынаны жепп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл аймағыммен сойылымды соғамын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, Құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүр. Басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр» [1], дейді. Ол тағы да «тамақ аңдып, бол­маса сөз аңдып, қулық-сұмдықпен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар . . . Азды-көпті дәулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып қарға-жарға ұшырауына шыдайды. «Піш-піш» кеңесінен қалып, бір ауылға барып қулық, сұмдық жасап жүр. Тегін тамақ жеп, ыржыңдасуды қысыратуға шыдамайды... Ел кезуге салынады. Бұл күндегіге байлыққа мақтан емес, ақыл абройды мақтан емес, арыз беру мақтан» [2], болды деп көрсеткен. Демек, Абай сол кездегі қазақ қоғамындағы әр тивтегі адамдардың ой әрекетіне терең талдау жасау арқылы олардың бұл жол мен баю емес керісінше ұлттық күйреу екендігін аңғартқан. Сондықтан ол «мұны кім түзейді» деп ашына ауыр сұрау қояды.

Абай жоғарыдағы қоғамдық құбылыстардың туылуын және басқа керанау факторлардың өмір сүру себептерін: олардың «төрт аяқты малды көбейтемнен басқа ойының жоқтығынан, өзгеден сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса бұлай болмас еді»,- деп қараған. Бұнан өзі, Абайдың әлеуметтік кәсіп жөнінде сауданы, өнерді, ғылымды халыққа пайдалы, қоғамға қажетті деп бағалайтын құндылық көзқарасын байқаймыз.

Абай адамдардың ойлау қабілетін арттырып, көрегендікті асырып қоғамда жарыққа шықан барлық тиімді жаңалықтарды қабылдап ілгері басып отыруды дәріптеген. Сондықтан, ол халқымыздың ауыз екі сөзіне айналған «ырыс алды тірілік» деген мателіне талдау жасай келіп . . . Өзің тірі болсаңда, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың, адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас.

Сыртың пысық ішің нас,

Артын ойлап ұялмас болып жүріп тірімін деме» [3],- дейді Абай. Демек, Абай ақыл табу – жаңалық жаратып, ой тастау адам тіршілігіндегі ең маңызды іс деген тіршілік туралы құндылық көзқарас қалыптастырғандығын аңғартады.63

Абай сол кездегі адамдардың «жүректі кісі» дейтін баға өлшеміне тоқталғанда: «біздің қазақтың «жүректі кісі» дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүрегінің қаситетін анықтап біле алмайды. Рахымдылық, мейірбандық әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар жүрек ісі. Әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге оңай да болса мойындамау ерлік, батырлық осы. Болмаса, қазақтың айтқан батыры әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз» [4], - дейді. Бұл сөзден Абайдың жүрекпен айтылатын ерлік пен батырлықтың ең маңызды өлшемі – ақыл мойындамаған нәрсені мойындамауды ерлікке, батырлыққа балайтын құндылық көзқарасын анық аңғарамыз.

Қуаныш – бақыт. Бірақ қуаныш көретін істердің маңызының жоғары төмендігі адамдардың мәдениет дәрежесін көрсетеді. Абай сол дәуірдегі адамдардың қуаныш тұтатын істеріне тоқталғанда: «біздің қазақтың аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса есі шығып бір қуанады, білмеймін содан артық қуанышы барма екен, әй жоқ та шығар, осы қуаныш бәрі де қазақ ортасында бір хаюанның өнерінің артылғанына, иә бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған , жыққан өзі емес, болмаса баласы емес . . . Мұның бәрін адам өз өнерімен жасаған жоқ, бір озған, жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді.

Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмейді. Есі шығып, бір түрлі масаттыққа кез болып кетеді және ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Бұның бәрі надандық. Ақымақтықтың әсері» [5],- деп көрсетеді. Абай көңілге қуаныш тұтатын нәрселердің адамдардың алға басуына жасайтын әсерін жете түсінген. Сондықтан ол халық бұқарасына табиғи болмысты қуаныш көрмей, өз ақыл ойымен жаратқан жасампаздығын қуаныш ету, оны ардақтау сынды жалпы халлықтың алға басуына, қоғамның ілгерлеуіне рөл ойнайтын істерді қуаныш санайтын көзқарасты қоғамдық салт қалыптастыруды дәріптейді. Іс жүзінде осындай болғанда ғана адамдардың іс-әрекет талғамы жоғарылап, қол созған мұраты биіктеп, келелі істермен шұғылдануға талпындырады. Міне, бұл Абай қуаныш талғамының құндылық талғамы.64

Абай қазақ халқының өмір жолын, тіршілік тәсілін, құндылық көзқарастарын басқа ұлттармен салыстырып талдау жасау арқылы, ол «біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешкімге ұқсамайды» [6], деген тұжырымға келген. Абай бұл жерде қазақтарда сақталып отырған айырмашылықтың мешеуліктен болып отырғандығын дөп басып, қазақтың «жұрт тануы ешкімге ұқсамайды» деп көрсеткен. Бір ұлттың алға басуында, басқа жұрттарды (ұлттарды) дұрыс танып, олардың озық мәдениетін қабылдап, өздеріндегі керанау дағдылы ұғымдардан арылып жаңалықтарға беталып отырудың маңызы ерекше. Сондықтан Абай: «өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн боларма екен?!» [7], - деп ар­мандайды.

Абай қазақ халқының алға басуы оқу-ағартумен байланысты деп қарайды. Сондай-ақ ол білім берудің халқына, заманның алға басуына пайдалы болуын дәріптейді. Сондықтан ол : «бұл күндегі тахсил ғұлым (ғылым үйрену) ескі медіреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды» [8], деп атап көрсетеді. Абайдың білім беруді баса дәріптеудегі мақсаты- мешеулікті жою нақтылы мәселелерді шешу еді. Сондықтан ол сол кезде өнеркәсіп ғылым техникасы дамыған әрі қазақ халқына зор әсер көрсетіп отырған Ресей ғылым техникасын үйренуді қуаттайды. Абай «мал да, өнер де, ғылым да – бәрі де орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға, тілін оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді. Сен оның тілін білсек көкірек – көзің ашылады. Әр біреудің тілін, өнерін білген кісі, оныменен бірдейлік дағуасына (талас, тартыс, айтыс) кіреді. Аса арсыздана жалынбайды» [9], - деп атап көрсетеді. Абай ислам дінін жақтаушы адам. Бірақ ол сол кезде дінни оқумен пәни оқуды талдауда, ол ұлттың даму­ын, қоғамның алға басуын көздей отырып, ғылым тарқататын, ғылымнан өнеге көрсететін орыс тілі мен ғылым-техникасын үйренуді уағыздауы ұлы кемеңгерлік. Абай осы идеясын халыққа қабылдату үшін «турасын ойлағанда: балаңа қатын аперме, енші берме. Бәріңді салсаңда балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол мал аяр жол емес» [10], деп үгіт-насихат жүргізген-ді.

Осыған байланысты, Абай сол кездегі қазақ халқының 65

тұтыну көзқарасына бұрылыс жасауға тырысады: «ешбір қазақ көрмедім малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсағанын, бәрі де иттікпен табады, иттікпен айырылады. Бейнеті, күйгі, ызасы – сол үшеуінен басқа еш нәрсе бойында қалмайды» [11], - деп көрсеткен. Сондай-ақ ол халыққа қолда бар малды жұмсау, тұтыну жолын көрсетеді: «біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз. Малменен ғылымды кәсіп қылмақпыз, өнер - өзі де мал, өнерді үйренбек өзі де ыхтисат» [12], - деп түсіндірген. Демек, Абайдың малды өнер үйреніп ғылым игеру үшін жұмсау әрі сол арқылы шаруашылықты одан да жақсы дамытыу сынды тұтыну құндылық көзқарасы да аса маңызды. Әсіресе, Абайдың өнерді-технологияны үйрену, игерудің ыхтисат-экономикалық құндылығын ашып көрсетуі замана талғамы екендігін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Абай адамдардың өз даралығын сәулелендіріп, қиюадан жол тауып жүруді дәріптеген. Ел аузында көп айтылатын «қазақтар жалғыз біз бе? Елдің бәрі де сөйтіп-ақ жүр ғой. Көппен көрген ұлы той, көппен бірге болса, болды да деген сөзді жұбаныш қылады . . . Осы көп ақымақтың бір ақымаққа несі жұбаныш» [13], дейді. Көппен бірдей болу ұғымы сананы билегенде адамда алға басу мүлде мүмкін емес, бұны тарихи практиканың дәлелдегенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр. Адамдар өз даралығын сақтау және оны сәулелендіру жасампаздықта кем болса болмайтын фактор. Абай бұл ерекшелікті танып жеткен. Сондықтан ол адамдардың өз даралығын жетілдіріп, сан-салалы кәсіппен айналысып, түрлі ғылыммен шұғылдануды дәріптеген. Ол «енді біліңіздер перезенттілер! Құдай тағаланың жолы деген инабатсыз (өлшеусіз, артық) болды. Оның инабатына ешкім жетпейді, бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты. Ол таза мұсылман. Толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсаттың өз пайдаң болса, өзің инабаттылысың, ол жол құдайдың жолы емес, ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орнына ағып келе берсін деген, ол не деген нысап? Не туралы болса да, иә дүниеңнен, иә ақылыңнан, иә малыңнан кадалат, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол Құдайдың жолы» [13], деп көрсеткен. Демек, Абайда жеке адамдардың даралықты сәулелендіріп көпке пайда жеткізу сынды тіршілік құндылық көзқарасының болғандығын айқын көруге болады.66

Абайда құндылық талғамының жүйелі идеялық ұғымы мен дәріптемелері болғандықтан, ол «адамшылық», «адамдық» деген мәселелерге терең талдау жасаған. Ол: «дүниенің көрінген һам көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса, денелеп білмесе, адамдықтың өзі болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмайды, хаюан жаны болады» [15], - деп санаған, Міне, бұдан Абайдың адамдар дүниені тану (мұнда ғылыми түрде тану меңзеліп отыр) және оны бағындырып өздері үшін пайдалана алғанда ғана адамның қасиеті ашылады, адамның әлеуметтік құндылығы болады деген көзқарасын байқауға болады.

Абай сол кездегі қазақтардың жағдайына түбегейлі бұрылыс жасау мақсатымен жалпы халықтың ой-сана ұғымдарына баса тоқталған әрі оған бұрылыс жасау үшін жоғарыдағыдай бір қатар құндылық талғамдарды дәріптемелерді насихаттаған. Алайда сол кездегі халық бұқарасының мәдениет деңгейінің төмен болуына байлансты, Абайды құндылық дәріптемелерінің маңызын жете түсінбеген және оны қабылдап іс-әрекетіне жетекші еткісі келмеген. Сондықтан Абай ондайларды «ойламайды, ойласа да бұрылмайды» деп кіналайды. Ақыры Абай қазаққа ақыл берем, түзеймін деген адамға екі түрлі нәрсе керек екен деген ойға келеді: «әуелі бек зор үкімет, жарлық қолында бар болу керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарына алып, медіреселерге беріп бірін ол жол, бірін бұл жолға салып, дүниеде есепсіз ғылымның жолдарына түсірсе, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе . . . Сонда ол жастар жетіліп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді; екінші, ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып бастапқы айтқандай жолға салып, тағылым (үйрену) берсе, сонда түзелер еді» [16], - дейді. Атап айтқанда, Абай адамдардың мәдениет дәрежесі жоғарылағанда ғана, олардың дәстүрлі құндылық көзқарасында бұрылыс туылатындығын, әрі сонда ғана өздерінің мешеу тұрмыс форма­сына өзгеріс жасайтындығын дұрыс түсініп жеткен. Сондықтан ол: «етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған ананың сүтімен емген надандық, әлі де қашан адамшылықтан кетірген»[17], деп, надандықтың кесірін терең ашып көрсетеді.

Жоғарыдағы пайымдаулардан, Абайда кәсіп туралы, тұтыну туралы, тіршілік туралы және ғылым мәдениеттік мәні туралы біршама жүйелі тура құндылық көзқарасының болғандығын 67

байқаймыз. Әсіресе Абайдың ғылымының алға басуы мен адамдардың дамуын бірлестіріп қараған құндылық көзқарасы төтенше маңызды әрі аса зор практикалық маңызы ерекше. Демек, бұлар Абайдың мәңгілік құндылық идеялық жүйесін қалыптастырған ұлы ойшыл екендігін дәлелдейді. Абайдық құндылық талғамы бүгінгі халқымыздың талғамы болуға тиісті.

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 «Абай қара сөздерінен» алынды.

 

Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ

 «Зерттеу және ашу» - Алтай қ. (ҚХР). – 1988. - №4. - 18-24 б.

 

 

Пікір жазу
  • Алтын Орда Италияға астық сатып тұрған – татар тарихшысы
    Халқымыздың өткен өміріне терең бойлап қайтқан күн