Алматыда соңғы 30 жылдағы Наурыз тойы жайлы онлайн көрме өтіп жатыр

Уақыты: 2021-03-22 Көрлімі: 1068 Сипаттама

Алматыда «Наурыз тойы - мереке» фотоқұжат онлайн көрмесі ұйымдастырылды. Оны Алматы ме...

210322155110540a3767344i.jpg

Алматыда «Наурыз тойы - мереке» фотоқұжат онлайн көрмесі ұйымдастырылды. Оны Алматы мемлекеттік архивінің әлеуметтік желі парақашаларынан тамашалауға болады, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Наурыз тойы - мереке» онлайн көрмесінде Алматыдағы Наурыз мерекесін тойлау туралы мұрағат қорындағы құжаттар және «Наурыз шеруі» фотосуреттері ұсынылған.

Ал «Наурыз – құт-береке бастауы» көрмесі Алматы қаласының мемлекеттік мұрағатындағы Наурыз мерекесінің фотосуреттер топтамасынан тұрады.

«Қазақтын ұлттық тағамдары» көрмесінде қазақ халқының барлық ұлттық тағамдары туралы деректерді көруге болады .

Мемлекеттік архивтің әлеуметтік желілерінде Наурыз мерекесіне қатысты өте қызықты мұрағаттық құжаттар жарияланған.

Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің қор құрушысы М.Мырзахметұлының «Қазыналы Оңтүстік» жинағының негізінде дайындалған «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім берекем!» атты материалда Наурыз мейрамы туралы тарихи деректер ұсынған.

Сонымен қатар, «Наурыз думан» деректі фильмін тамашалуаға болады.

Онда 1989 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Наурыз мерекесінің хроникасы көрсетіледі.



Автор Алма Мұқанова


Пікір жазу
  • Береке басы – Наурыз, қазына құты – Тайқазан
    ТАҒАТСЫЗДАНА КҮТКЕН КӨКТЕМНІҢ КӨРІСУ АМАЛЫ

    Ұқсас тақырыптар