Транзиттік үдерісті сайлау аяқтайды

Уақыты: 2019-04-09 Көрлімі: 1154 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі көзқарасты сараптай отырып, әбден ойланған с...

0BDFACED-6043-4860-A91C-E797C354E802.jpeg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі көзқарасты сараптай отырып, әбден ойланған соң ғана сайлау туралы шешім шығарды.

Президент алдымен Елбасымен ақылдасты. Парламент Палатасы жетекшілерімен, Премьер-Министрмен және Конституциялық Кеңестің Төрағасымен кеңесті. Негізгі саяси партиялардың жетекшілерімен жолықты.

Осылайша кезектен тыс сайлау өткізу жайлы шешім қоғам сұранысын саралаумен қатар тиісті өтініштердің назарға алынуымен барлық саяси талапқа сай қабылданды. Яғни маңызды мәселелердің барлық қоғамдық саяси жақтары ескерілді.

Сондықтан да сайлау өткізу туралы шешім еліміздегі басты қоғамдық саяси күштердің ортақ мәмілесінен туындап отыр. 

Сайлау барлық мәселеге нүкте қойып, транзиттік үдерісті аяқтайды.

Соңғы кездері «Бізді не күтіп тұр?», «Ары қарай не болады?» деген сыңайдағы әртүрлі әңгіменің өрбігені жасырын емес. Міне, Президент өткізіліп жатқан реформаларға кесірі тимес үшін осындай әңгімелер мен пікірталастарға нүкте қойды.

Осылайша екіұдайылық күйден аттап өтуге сайлау мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы «Президент халық қалауы бойынша сайланады» деп астын сызып тұрып бекер айтқан жоқ. Үндеуіндегі негізгі сөз де осы.


ЕРЛАН ҚАРИН

 ҚР Президентінің кеңесшісі


Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Жәркен Бөдеш: Кіндік қаның тамған жерді аңсағанда соған жете алмай боздаудан ауыр қасірет жоқ
    «Әділ, ашық, заңды сайлау өтуін қолдаймыз»