Айтулы білім ордасы

Уақыты: 2019-03-21 Көрлімі: 710 Сипаттама

Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табы...

1443781808btcqb.jpg

 

            Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай  түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз.Сондай университеттердің бірі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті.ҚазҰУ әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарында.Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдалатын,оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы заманауи ЖОО болып табылады. Болашақта ҚазҰУ тек республикалық ғана емес,халықаралық білім беру орталығына айналмақ.

            Қазіргі кезде университетте 16 факультет қызмет атқарады.Әрқайсысында жоғарғы дәрежедегі мамандырылған оқытушылар мен профессорлер білім беруде.Әр факультеттің өзіндік орны мен тарихы бар,бірі екіншісінің орнын баса алмайды және факультеттердің түлеп шыққан түлектері еліміздің әр саласында,шетелдерде қайталанбас маман иелері болып қызмет атқарады.Сонымен қатар негізгі факультеттерден басқа дайындық факультетінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шетел азаматтары мемлекеттік тіліміз қазақ тілін уйрену үстінде.Олардың араларында Ауған азаматтары,қытайлар,корейлер,түріктер және шетелдерде тұратын өзіміздің қандас бауырларымыз яғни қазақтар да бар. Осының есебінен біз студенттер шетел азаматтарымен танысып,басқа елдердің мәдениетін танып біліп оларға өзіміздің елімізді танытамыз. Шығыс тілдерін уйреніп жүрген біздерге бұл керемет тәжірибе деуге болады. Себебі олар бізге,біз оларға көмек көрсетеміз.Бұл жайт ҚазҰУ-ның керемет мүмкіндіктерінің бірі болып есептеледі.

      Факультетіміздің әлемнің басқа университеттерімен байланысы өте жақсы дамыған. Факультет оқытушылары мен студенттері тілдік және ғылыми практикадан өтетін университеттер Үндістанда,Қытайда,Кореяда,Түркияда,Египетте бар.

     Университеттің білімі туралы барлығымыз хабардар болдық,енді университеттің студенттік өмірі жайлы айтатын сөз де аз емес.ҚазҰУ қабырғасында әр түрлі ұйымдар жұмыс істейді.Мысалы:“Студенттер сенаты”,“Сұңқар” ұйымы,“Көмек” ұйымы т.б..Бұл ұйымдардың әрқайсысының өзіндік жұмысы мен қызметі бар.Ұйымдар студенттер үшін оқудан тыс қоғадық өмірге белсене араласуына ықпал тигізеді.

     Оқу жылы ішінде университетіміздің ішінде әр түрлі сайыстар және кештер өтеді.Олардың ішіндегі ең бастылары ол:“Ана тілі аруы” мен “Жігіт сұлтаны”.Бұл сайыстар республикалық деңгейдегі сайыстар болып табылады.Жалпы айтатын болсақ, ҚазҰУ студенттерінің өмірі қызыққа толы да әсерлі.Әр студенттің жадында қалар мәңгі естеліктер десек қателеспейміз.

 

 

                                                           Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 1 курс студенті Болат Әдемі

                                                           Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының

Оқытушысы Шәріпқазы Н.

 


Пікір жазу
  • Менің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдау себебім
    Асыл армандар мекені

    Ұқсас тақырыптар