Асыл армандар мекені

Уақыты: 2018-12-14 Көрлімі: 830 Сипаттама

Мәңгілікке қоныстап қалатын ұям деп ойлаған асыл мектебімнен ұшқан мезетте қанаттарым...

Без названия (4).jpg

Мәңгілікке қоныстап қалатын ұям деп ойлаған асыл мектебімнен ұшқан мезетте қанаттарымның қағысы сенімсіз болып, тепе-теңдікті ұстау қиынға соғып еді. Ал мұның басты себебі сол сәттегі қорқыныш болатын. Кері шегінерге жол жоқ екенін, қанатымды не де болса, тек алға қарай сермеу керек екенімді жақсы түсінетінмін. Кішкентай шағын ғана алақандай ауылдан шеті мен шегі көрінбейтін алып шаһарға келген жан үшін мұндай сезімді орынды деп білемін. Осыған байланысты да біраз қиыншылықтарға кезіккен едім.  Дегенмен бұл сезім автобустан түсіп, жер жәннаты тәрізді болып көрінген ҚазҰУ қалашығына қарай беттегенде бірден жойылып еді. Ең алғаш көрген сәттен бастап,  ҚазҰУ-ға ғашық болдым. Бір жыл бойы күн-түн демей армандаған білім ордасына келгендегі жүрегімнің қалай тулағанын көрсеңіз сондағы! Сол көрініс әлі есімде: Шақырайған күн астында ҚазҰУ ғимараттары алыптардай тізіліп, әрмен қарай  қалғып-мүлгіп тұрған ,басын ақ қар жапқан таулармен  жалғасуда. Су бұрқақтары жарыса билеп, жасылға бөленген қалашыққа дем беріп тұрғандай. Қалашық десе қалашықтай, шеті мен шегі көрінбейтін алып шаһар тәрізді  университет. Ал айналамда мен секілді арманның жетегімен келген, көздерінен от білінетін жас, жаңа толқын еді. Бұл көрініс ҚазҰУ жайлы ең алғашқы естелігім болатын.  Содан бері екі айдан астам уақыт та өтіпті. Осы уақыт аралығында қызығы мен шыжығы мол студенттік өмірдің тұнығына да кіріп кеттік.Мен үшін жаңа, таңсық дүниенің барлығы қазіргі таңда менің күнделікті, дағдылы өмірімнің бір бөлшегіне айналып кетті. Дегенмен қалашықтың табалдырығын әр кез аттаған сайын, ең алғашқы күйіме қайта оралғандай боламын. Бұл үшін де қатты қуаныштымын.Сонымен қатар, дәл осы жоғарғы оқу орнында оқып жүріп, мен өзімді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, шығармашылық жағымнан да жетіле алатыныма ризамын.  Барлық студенттердің мұнымен келісетіндігіне толықтай сенімдімін. Себебі ҚазҰУ әр студенттің осы жерде өтетін 4 жылдық кезеңін қызықты да ұмытылмастай болып өтуіне бар жағдайды жасап береді. Мұны киелі шаһарға келіп, университетіміздің кескін-кейпін көрген кез-келген жан байқай алады.  Мұндай ортада білім алу менің өмірімде алғаш жасалған таңдауымның жемісі, менің жеңісім деп білемін. Дегенмен ҚазҰУ-мен байланысты жеңісті күндерімнің бұл жерден тоқтап қалғанын қаламаймын. Басты мақсат-ҚазҰУ-ымның қанатының астында жүргенде, білім ордасына да, өзіме де пайдамды тигізу .Алтын әріптермен өз есімімді жаза алмасам да, өзім үшін белгілі бір жоғарғы деңгейге жету. Және сонымен қатар мұны әр ҚазҰУ-лық студенттің ортақ мақсаты деп білемін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

1 курс студенті Қалекенова Жұпар

Жетекші:  Шәріпқазы Нұртәліп

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                    


Пікір жазу
  • Айтулы білім ордасы
    Қанат Ислам: Бүгінгі кездесу алдағы бокс кешімізге зор күш-жігер береді

    Ұқсас тақырыптар