Н. Назарбаев: Сайлауға қатысуға, ең лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын

Уақыты: 2019-05-31 Көрлімі: 228 Сипаттама

Назарбаев Университеті түлектерінің оқу бітіру рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев...

20190531122514.jpg

Назарбаев Университеті түлектерінің оқу бітіру рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  оқытушылар мен студенттері сайлауға қатысып, лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырды.

«Бір аптадан кейін Қазақстан Президентінің сайлауы өтеді. Бірінші рет кандидат ретінде шыққалы отырған жоқпын. Десе де, неліктен түспедіңіз деген сипаттағы көптеген хаттар келіп жатыр. Себебі, мен осы мемлекеттің негізін қалаушымын. Мен оны қиындықтар мен ауыртпашылықтардан алып өттім. Қазақстанды әлемге танымал еттім. Міне, алдағы уақытта да еліміз осындай болып қала беруін ойластыруым керек. Сол себепті, тыныш әрі саяси тұрақты транзит, жаңа буынның келуі кезінде менің міндетім - осы буынды бекемдеу. Жасалған істердің бәрі осы жолмен жалғаса беруі тиіс. Әлбетте, жаңа буын өз жаңашылдығын енгізері сөзсіз. Бірақ, Қазақстанның дамуына бағытталған бағдарламалар - индустриалды саясат, инфрақұрылымдық және әлеуметтік саясат осының бәрі жасалып, қаржымен қамтылған. Мен барлық оқытушыларды, студенттердің барлығын белсенді азаматтық позиция ұстанып, сайлауға қатысуға, ең лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын",- деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сурет: ҚазАқпарат

Jenbeu.kz

Пікір жазу
  • Мәулен Әшімбаев; Бұл демократиялық даму жолындағы кезекті жетістігіміз
    Қазаққа қазақтан басқа ешкімнің де жаны ашып жарылқамайды