Тоқаев та, Қосанов та көшбасшы болуға лайық екендігін дәлелдеді

Уақыты: 2019-06-10 Көрлімі: 1450 Сипаттама

2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, ҚР президентін сайлады. Тәуел...

122746.jpg

2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, ҚР президентін сайлады. Тәуелсіздіктен бергі тұғыш реткі тұғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуынсыз өткен сайлау өз мәресіне жетті. Халық таңдауы жасалды. Еxit poll нәтижесі жарияланды. Санаулы сағаттардан кейін нақты сайлау қортындысы хабарланып, кімнің президент болғаны жарияланады.

Биылғы өткен сайлау неше жылдан бері өткен көптеген сайлауларға қарағанда үлкен аңыс тудырды. Қазақстан халқының 77 пайызы сайлауға келіп, өздері қалаған кандидаттарға дауыс берді. Шетелдік және елдегі сарапшылардың мәліметінше сайлау барысында заңбұзыушылық та аз тіркелген.

Осы ретке сайлауға 11 мыңдай бақылушысын қатыстырған «Аманат» азаматтық платформасы 18 заңбұзушылық бойынша акт толтырғандарын мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат құралдарында азаматтық платформаның жетекшісі Мұрат Әбенов хабарлады.

«Талай сайлауды көріп келеміз. Биылғысы ерекше болды. Азаматтардың саясатқа қызығушылығы артқанын байқадық. Сын көзбен қарайтын адамдарды көп кездестірдік. Негізі біз заңбұзушылықтарды көзге шұқып көрсетуден бұрын, оның себептерін анықтап, алдағы уақытта болдырмаудың жолын қарастырдық. Кемшіліктер мен заңбұзушылықтар болды. Әлі де жинақтап, топтастырып жатырмыз. 18 күрделі заңбұзушылық анықтадық. Бюлетеньдерді топтаған 8 оқиға тіркелді. Сондай-ақ, 165 ауызша ескерту жасалып, сол сәтте жойылды», - дейді Мұрат Әбенов.

Деседе Аманат сияқты  ұйымдардың бақылаушылары мен өзге  тәуелсіз бақылаушылардың саны аздық еткені байқалады. Көптеген Сайлау учаскелерінде Нұр Отан партиясы мен «Аманат» платформасынан басқа партиялар мен ұйымдардың бақылаушылары болмады. Тіпті өзім барып көрген Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде тек Нұр Отан партиясының бақылаушысы ғана болды. Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы сайлау учаскелерінде Нұр Отан мен Аманаттың ғана бақылаушылары болды. Есесіне енді біреулер Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ереуілге шықты. Көптеген азаматтар әлеуметтік желіде өз таңдауларын жасағандарын жарыса жазса, түстен кейін заң бұзушылық болған бірер видеоны таратып, соны талқылаумен болды. Нақты учаскелерде қадағалап, өз дауыстарына сұраушы болған желі қолданушыларына қарағанда сайлауды әлеуметтік желіде талқылаушылардың қарасы басым болды.

62151188_2124797664310321_8260614212187848704_n.jpg

Сайлауға елдегі партиялар мен қоғамдық ұйымдардан 7 кандидат қатысты. Бірақ, осы кандидаттардың ішінде сайлауалды үгіт-нәсихат жұмыстарында аса белсенділік танытбағаны сияқты, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әміржан Қосановтан басқаларының сенімді өкілдері де сайлау учаскелерінің жанынан табыла қоймады. Ал тәуелсіз бақылаушы «Аманат» платформасы мен Нұр Отан партиясының өкілдері, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері өздері бақылау жүргізген сайлау учаскесінде сайлаудың заңды, әділ өтіп жатқанын, заң бұзушылықтың болмағаны туралы айтты.

Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында орналасқан № 453 сайлау учаскесінде бақылаушы болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Темірбекова Асылыхан  сайлауға халықтың аса белсенді түрде қатысып жатқанын айтты.

«Мен Нұр Отан партиясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілімін. Сайлаушылар сағат 7:00-ден бастап белсенді түрде келіп, дауыстарын беріп жатыр. Қазірге дейін мұнда ешқандай заң бұзыушылық тіркелген жоқ. Осы учаскедегі 4 сайлаушы денсаулығына байланысты өз аяғымен келе алмайтын болғандықтан, бақылаушылар мен сайлау комиссиясының мүшелері үйлеріне барып, өз таңдауларын жасаттық», - дейді Тоқаевтың сенімді өкілі.

Тағы сағат 7:00- де басталған дауыс беру, 20:00- де аяқталып, дауыстарды санау басталды. Көптеген бақылаушы болған азаматтар өздері бақылаушы болған учаскелердегі нәтижелерді әлеуметтік желіде бөлісіп жатты. Онда Нұр Отан партиясының атынан түскен Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Ұлт тағыдыр» қоғамдық бірлестігі ұсынған Әміржан Қосанов басым дауыстарға ие болды. Кей учаскелерде Қасым-Жомарт Тоқаев басымдылыққа ие болса, кей жерлерде аталмыш екі тұлға қарайлас дауыстар жинады. Әміржан Қосанов алға шыққан учаскелерде аз болмады. Осыдан кейін «Қоғамдық пікір» иниституты сайлаушылардан алған сауалдама нәтижесі бойынша жасалған дауыс нәтижесін жарияланды. Еxit poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70.13%  дауысқа ие болса, Әміржан Қосановты 15.39% сайлаушылар қолдаған. Осы қортындыдан кейін-ақ көптеген кандидаттар мен азаматтар Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтап жатты. Әміржан Қосановқа қарсылы түрлі сындарлы сын да дәйексіз қалалау да айтушылар көбейді.

20190506133552198_big.jpg

Міне осылай 2019 жылдың 19 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтақаннан бергі халықтың қызығушылығын аударған сайлау да өтті. Халық өз таңдауын жасады. Тоқаев та, Қосанов та қолдауға ие болып, президент болуға, ел бастауға әбден лайықты тұлға екендерін дәлелдеді. 

Қайткен күнде де билік транзиттік жолмен бейбіт ауысып жатыр. Ел тариxында көптен болмаған сайлау болды. Бұл сайлау елдегі демократиялық күштердің дамуына өз үлесін қосып, сайлау мәдениетін кемелдендіре түсті деуімізге болады. Осы сайлау арқылы билікке келген басшы да, сайлау барысындағы халықтың пікірін ескере отырып, еліміздің көшін көлікті етеді деген үміттеміз. Жеңіске жеткен кандидат басты қарсыласы болған кандидаттардың да сайлауалды бағдарламасына назар салары, халықтың қолдануына қалай ие болғанын зерттері анық. Билік ауысқан жауапты кезеңде ішкі-сыртқы түрлі күштер мен мүдделердің қақтығысына айналдырмай, сәлиқалы, байсалды шешімдер жасап, сол бойынша қарекеттер жасағанымыз жөн. Президенттікке үміткер болған Тоқаевтың да, Қосановтың ұстанымы осы еді. Әр екеуі де осы мұраттарын ары қарай табанды жалғастырып, қазақ елін бейбіт те баянды дамуына үлес қоса берулерін тілейміз.

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАНҰЛЫ

Jebeu.kz

 

 

 


Пікір жазу
  • ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ: АБАЙ ТОЙЫ - ҰЛТ ҮШІН ҮЛКЕН РУХАНИ ЕСЕП
    Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта баса мән беретін 10 бағытты атады