Тоқаев: Популизм – бұл саясаткердің дарынсыздығы, мен бос уәде бермеймін

Уақыты: 2019-09-25 Көрлімі: 571 Сипаттама

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясында елді ба...


190925112413541e.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясында елді басқарудағы өзінің саяси формуласы туралы айтып берді, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Осынау қиын кезеңде бізге «Сабақтастық, әділдік, прогресс» ұранымен қоғамымызды жалпықамтушы қайта түрлену жолында жүруді жалғастыру қажет. Қазақстанның саяси жүйесіндегі формулам мынадай: мықты стратегиялық ойлай білетін Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет. Бұл тұжырым еліміздің негізгі қажеттілігіне сай келетініне және оның бейбіт әрі тұрақты болашағын қамтамасыз ететініне нық сенімдімін», деді Қазақстан Президенті.

 Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа Президенті ретінде ең алдымен заманауи әлеуметтік мемлекет құруға шынайы берілгенін айтты. Ал бұл жүйенің соңғы мақсаты - миллиондаған қазақстандықтардың ауқымды реформалардың игілігін пайдаланып, мықты экономикасы, жоғары сапалы білім беру жүйесі мен заманауи медицинасы бар, темір құрсаулардан азат қоғамда өмір сүру. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев егер тереңнен саяси қайта түрлену орын алмайтын болса, онда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудың табысты үлгісі бола алмайтынын атап өтті. 

«Бұған қоса, Қазақстандағы демократия – бұл әлі де жалғасып жатқан жұмыс екенін ескерген жөн және бұл ретте тұрақты сараптама қажет. Біз оны үнемі жетілдіруге тырысамыз, позитивті аспектілерін дамытуға, теріс тәжірибелерден сабақ алуға ұмтыламыз. Өз бағдарламам аясында мемлекет пен қоғам арасындағы түсінікті диалогқа септігін тигізуі үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрдым», - деді Мемлекет басшысы. 

ҚР Президенті «Әртүрлі пікір – бір ұлт» ұстанымы жайында да сөз қозғап, алға қарай ілгерілеу пікір алмасу мен диалог есебінен жүзеге асырылуы тиістігін баса айтты. Сонымен қатар барлық құқық қорғау органдары мен соттар ауқымды қайта құруды бастан өткізетіндігіне сендірді. Бұл барлық салада жне азаматтардың күнделікті өмірінде заң үстемдігін қолдау үшін жасалады. 

«Популизм – бұл саясаткердің дарынсыздығы, Мен бос уәде бермеймін. Мен нақты істің адамымын. Мен өзімнің реформа бағдарламаларымды өмірде нық жүргізетін боламын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: дереккөз

Пікір жазу
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
    Дәурен Абаев: Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары өте мазмұнды болды