Латын әліпбиін сауатты бекіту – Тоқаевтың тарихи ерлігі болмақ

Уақыты: 2019-11-21 Көрлімі: 393 Сипаттама

Бүгін елордада Терминологиялық жұмыс тобының «Жаңа әліпбиге көшу жағдайындағы салалы...

B2FD2004-A489-4AD9-AE4E-A4D8925C139D.jpeg

Бүгін елордада Терминологиялық жұмыс тобының «Жаңа әліпбиге көшу жағдайындағы салалық терминдерді игеру мәселесі» тақырыбындағы отырысы өтті. Осы жиында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов аталған топтың жұмысын ұйымдастыру Білім және ғылым министрлігінен Мәдениет және спорт министрлігіне ауысқанын айтыпты. Сондай-ақ ол латын әліпбиіне көшу 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілетінін тағы да ескертіпті.

Тағы да дейтінім, бұған дейін Ресейдің БАҚ «Қазақстан латын әліпбиіне көшуді 2035 жылға қалдырды» деп ақпарат таратқан болатын. Алайда көршіміздің мысық пиғылды әрекетіне Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдеш «Латын әліпбиіне көшуде ешқандай өзгеріс болмайды» – деп нақты жауап берген еді. 

Жалпы құдайы көршіміз еліміздің латын әліпбиіне көшуге қарсы. Осындай жағдайда қазақ қоғамы бірлік көрсетіп, әртүрлі әңгіме айтпағаны дұрыс-ау. Мысалы ӘЖ кейбір азаматтар латынға көшуімізді орынсыз кекетіп, Үкіметті сынап жатады. Бірақ бұл кекетудің салдары латын әліпбиіне көшуді біржола тоқтатып тастауы мүмкін. Басқа-басқа тап осы латын әліпбиіне келгенде сыңар езуленудің қажеті жоқ секілді. Қиырдағы Ресей балақтан тартып жатқанда, қазақ қоғамы жағаға жармаспауы керек.


6EA2D194-271C-4F21-A971-BDAC9BC0C65F.jpeg

Бүгін жұрт Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшылығына келгеніне 8 ай болды деп жатыр. Менің ойымша, президенттің 8 айдағы ең басты жұмыстарының бірі – латын әліпбиінің жаңа нұсқасын қабылдауға тапсырма бергені болса керек. Осы тапсырмадан кейін сең қозғалып, бір топ ғалымдар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі иниституының ұлттық жобасын Үкіметке ұсынды. Енді осы жобаны Қасым-Жомарт Тоқаев заң жүзінде бекітіп берсе, ұлт алдында тарихи ерлік жасаған болар еді. Менің ойымша, сыртқы және ішкі қарсылыққа қарамай, латын әліпбиінің сауатты нұсқасы қабылдау – тарихи ерлік. Мәселен, Өзбекстан латын әліпбиіне көшкеніне 26 жыл болса да, әлі күнге дейін крилицаны қолданып келеді. Егер біз бүгін латын әліпбиінің сауатты нұсқасын бекітіп алмасақ, Өзбекстанның кебін киетін боламыз. Сол себепті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын әліпбиін сауатты қабылдауы өте маңызды мәселесі деп есептеймін.

Серік Жолдасбайдың фейзбук парақшасынан алынды

Пікір жазу
  • Нұрхалық Абдырақын. Адамдық, құлдық, азаматтық борыш
    Әлібек АСҚАРОВ: Жастарға Тәжин әлемінен алар тәлім де, тағлым да молынан

    Ұқсас тақырыптар