Әшімбаев: Президенттік кадр резерві жастарды халыққа шын ниетімен қызмет етуге ынталандыруы тиіс

Уақыты: 2019-12-25 Көрлімі: 525 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүргізілген Президенттік жаста...

d6e6e362c1a1f4bfb5cbfe6329ad1dad_L.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүргізілген Президенттік жастар кадр резервіне енген 300 қазақстандық анықталды. Бұл турады ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды бастамаларының бірі – Президенттік жастар кадр резервін жасақтау. Ол талатты жастарды мемлекеттік қызметтің барлық сатысында ілгерлету идеясын алғаш рет сайлауалды бағдарламасында жариялан еді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, ауқымды жұмыстар атқарылды. Бүгінде жастарды іріктеу кезеңі аяқталды. Эксперттік комиссия ұсынған кандидаттар қарастырып, 300 жас кәсіби маманды таңдап алды, - деді ол.

Оның айтуынша, резервке енген жастар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалады. Жобаның стратегиялық мақсаты – билік жүйесінде білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру және жастар үшін әлеуметтік лифтінің ұтымды жүйесін құру. 

Бұл бастама талантты әрі жігерлі жастарды меритократия қағидасына сәйкес ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Бұл резерв мемлекеттік қызмет саласын айтарлықтай жаңартуға, озық ойлы жас көшбасшыларды жұмылдыруға және кадрларды ынталандырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бір ескеретін жайт, президент айтқандай, бұл жобаға болашақта тек жоғары лауазымға ұсынылатын топ деп қарауға болмайды. Президенттік кадр резерві жастарды халыққа шын ниетімен қызмет етуге ынталандыруы тиіс. Басты мақсатымыз – елдің мүддесіне берік, мемлекетшіл, патриот, кәсіби мамандардың жаңа буынын қалыптастыру, - деді М. Әшімбаев. 

Оның айтуынша, бұл біркүндік бастама емес, сондықтан жоба әлі де жалғасын табады. 

Айта кетейік, жоба жеңімпаздарының толық тізімін Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтынан (Pkrezerv.kz) көруге болады.


Пікір жазу
  • Амандық Баталов: Шекаралық аудандар қараусыз қалмайды
    Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан

    Ұқсас тақырыптар