Мұхтар Тілеуберді: Қытайдан 150-ден астам адам жеткізіледі

Уақыты: 2020-02-11 Көрлімі: 1290 Сипаттама

Үкімет отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді коронавирустың таралуын...

11921412.jpg

 Үкімет отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Медициналық қолғаптар (1 млн дана) және маскалар (500 мың дана) түрінде Қытайға гуманитарлық көмек көрсету мәселесі пысықталды.

Коронавирустың таралу эпицентрі болып табылатын Ухань қаласынан 83 қазақстандық азаматты эвакуациялау мәселесі келісілді және қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, дипломатиялық арналар арқылы түскен өтініштерге сәйкес, ЕАЭО елдерінің 24 азаматын (18-і Қырғызстан, 5-і Беларусь және 1-і Армения) эвакуациялауға көмек көрсетілді. Нұр-Сұлтан қ. келгеннен кейін Бішкекке қайтарылған Қырғызстан азаматтарынан басқаларының барлығы карантинге орналастырылды», - деді министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы 12 ақпанда Қазақстанға жеткізілетін адамдар туралы айтты.

«Қытай тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, бүгін таңертең 217 Қазақстан азаматы «Эйр-Астана» әуекомпаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, ал 155 қазақстандық 12 ақпанда қайтарылады деп жоспарланып отыр», - деді М. Тілеуберді.

Оның айтуынша, биылғы 10 және 12 ақпандағы эвакуациядан кейін Қытай аумағында Қазақстанға қайтудан бас тартқан 343 Қазақстан азаматы, оның ішінде біздің шетелдегі мекемелердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері қалады.

«ҚР Елшілігі ҚХР Білім министрлігі және жоғары оқу орындарымен бірлесіп, қазақстандықтарды қажетті медициналық жабдықтармен, тамақпен қамтамасыз етуді жүзеге асыруда. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен оның ҚХР-дағы барлық шетелдік мекемелерінде Қазақстан азаматтарына кеңес беру үшін жедел желілер құрылды», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытай астанасы Бейжіңнен Қазақстанның 217 азаматы эвакуацияланғанын айтты.


Пікір жазу
  • Е. Қарин: Президенттің Ұлттық кеңестің екінші отырысында жариялаған бастамалары белсенді жүзе асуда
    Жәкулин әулетіне күйе жағу кімге тиімді?