Коронавирус балалар мен сәбилерге қалай әсер етеді?

Уақыты: 2020-03-13 Көрлімі: 1311 Сипаттама

Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы ұсынған мәліметтерге сәйкес, ақпа...

89846913_1315794901944612_4415236537885655040_o.jpg
Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы ұсынған мәліметтерге сәйкес, ақпан айында тіркелген 72000-нан астам коронавирус жұқтырған науқастардың 90% -ы 30-дан 79 жасқа дейінгі адамдар.

Коронавирус жұқтырған аурулардың тек 8,1% -ы жасөспірімдер, 0,9% -ының жасы 9 немесе одан кіші болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдың 20 ақпандағы мәліметтеріне сүйене отырып ауру жұқтырғандардың 80%-ы 30-дан 69 жасқа дейінгі адамдар екенін анықтаған.

Вирус жұқтырған балаларда, әдетте, коронавирусқа тән жеңілірек симптомдар бар немесе мүлде жоқ болған. Сонымен бірге, жас науқастарда өлім деңгейі орта жастағы және егде жастағы адамдарға қарағанда әлдеқайда төмен. COVID-19 жұқтырған балаларда дене қызуы, мұрынан су ағуы және жөтел секілді суық тигенге ұқсас белгілер байқалған.
«Жасы ұлғайған сайын өлім-жітім көрсеткіші жоғарылайды, өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі 80 жастан асқан адамдарда. 10 жастан 40 жасқа дейінгі адамдарда бұл шамамен 0,2% » дейді Фейнберг медицина орталығы Ғаламдық денсаулық сақтау институтының атқарушы директоры доктор Robert Murphy.

Неліктен балаларға қаупі төмен?

Калифорния университеті - Беркли қоғамдық денсаулық мектебі, жұқпалы аурулар мен вакцинологияның клиникалық профессоры, Dr. John Swartzberg, : «Алдын ала эпидемиологиялық мәліметтерде балалардың ересектер сияқты ауырмайтындығы болжанған, бірақ бұл Қытайдан алынған біраз уақыт бұрынғы мәліметтер, алда екі ай бар сақтануымыз керек» дейді ол.

Алайда, CDC бұл коронавирустың жедел респираторлық синдром немесе SARS-CoV және Таяу Шығыс респираторлық синдромы, коронавирус немесе MERS-CoV сияқты бұрынғы инфекцияларымен салыстырғанда, балалар арасында жұқтыру «салыстырмалы түрде сирек кездесетіні» мәліметтерге сай келеді деп хабарлады.

Мұның себептері құпия болып қала бермек. «Мұның себебін ешкім түсінбейді, бұл жай ғана жасөспірімдер және ересектермен салыстырғанда оларға айтарлықтай әсер етпейтін сияқты көрінген болжам. Мұны тұжырымдаған қазірге ғылыми негіз жоқ» дейді Murphy.
Ал көптеген ғалымдардың пікір қорытындысы төмендегідей болжамда: Вирус алдымен ересектерге еніп, көбінесе ересектерден ересек адамдарға таралған, сондықтан ол генетикалық тұрғыдан жасы үлкен адамдарға әсер етуі мүмкін. Тағы бір болжам балаларда коронавирустың басқа түрлері өте жиі кездесетіндігіне негізделген. «Коронавирустық инфекциялардың үштен бір бөлігі балаларда болады, сондықтан теория бойынша балалар басқа коронавирус жұқтырады және бұл қандай да бір оларда иммунитет қалыптастырған болуы мүмкін. Сондықтан олар бұл ауруға шалдықпайды.

Ал менің қосар болжамым; "жақсы сөз жарым ырыс" деген халық мақалының астарында. Әдетте, ересек адамдар аурудың атын естіген соң психологиялық тұрғыдан дайындалады, ал балалар аурудың, өлімнің не екенін білмейді. Сәйкесінше, дайындалған денедегі әрбір жасуша сақтық қимылға көшіп, стресс тудырып, қалыпты зат және энергия айналымын бұзады, осы кезде "өте қауіпті" деген жарнамамен келген ауруға иммундық жүйе көп қарсыласпай беріле салады. Ал елемеген қалыпты иммунитеттегі адамның иммундық жүйесі, бұл вирусты, әдеттегі микроб ретінде қабылдап, оны тез жоя алады.

Сонымен, жүрек-қан тамырлары, тыныс жолы және қант диабеті сияқты ауруы бар адамдар мен егде жастағы иммунитеті төмен адамдарға тез жұғып, өлім қаупіне әкелетінін ескерсек бізді құтқаратын тек күшті иммунитет.
Дегенмен барлық тыныс алу жолы аурулары сияқты, балалардың белгілі бір популяцияларында, мысалы, астма немесе иммундық жүйесі төмен, денсаулығы әлсіз балаларға инфекцияның қаупі жоғары болуы мүмкін.

1580729266926837.jpg

Әлібек Ыдырысұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биомедицина ғылыми зерттеу орталығы директоры



Пікір жазу
  • Мәскінің мәні
    МЕН НЕ АЙТТЫМ, ШАМАҚАЙҰЛЫ НЕДЕН ШАТАСТЫ?

    Ұқсас тақырыптар