Мақсат Халық: Санадағы дағдарыс басталып кетпесе екен

Уақыты: 2020-04-06 Көрлімі: 1214 Сипаттама

Мұнай бағасының арзандауы мен коронавирустың әсері ел экономикасына кері әсерін тигіз...

8UCxyoeO552.jpg

Мұнай бағасының арзандауы мен коронавирустың әсері ел экономикасына кері әсерін тигізіп, халықты алаңдатып отыр. Алдағы уақытта мұнай бағасы мен теңге бағамы және коронавирустан кейінгі жағдай  қалай болады, экономикалық дағдарыстан қалай шығамыз деген сияқты көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Осы және өзгеде сұрақтардың жауабын сайтымызға GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық мырза берді.

-       Коронавируспен қатар мұнай бағасының арзандауы экономикаға салқынын тигізе бастады. Мұнай бағасының арзандауына не себеп болды? Алдағы уақытта мұнай бағасында қандай өзгерістер болады?

-       Мұнай бағасының күрт құлдырап кетуінің негізгі себебі 6 наруыздағы ОПЕК+  келісімінің сәтсіз өтуі болды. Келісімде Сауд-Арабиясы әлем бойынша мұнайдың өндіру көлемін қысқартсақ деген ұсынысын айтты, Ресей болса қысқартпаймыз, ары қарай жалғастыра береміз деген ұстанымда болды. Осының нәтижесінде ОПЕК+  келісімі үзілді. Осыдан кейін келесі күні-ақ мұнайдың бағасы қатты құлдырады. Бұл біздің экономикамызға үлкен соққы болып тиіп отыр. Өйткені жылдың басында бюджетке мұнайдың бір баррелі 55 доллар деп бекітілген. Қазір Ұлттық экономика министрлігінің жаңадан жүргізген есебі бойынша мұнайдың бір баррелін шамаман 20 доллар деп есептеп отыр. Бұл дегеніңіз 2 еседен жоғары құлдырау, бюджетке де 2 еседен төмен кіріктілікті қамтамасыз етеді деген сөз ғой. Демек, экономикамызға салдары өте жоғары. Кейінгі уақытта мұнайдың қатты төмен саудалана бастауына және болашақ нарықтағы реттелуіне біраз мемлекеттер таласып арзан баға қоя бастады. Тек ғана Трамптың араласуы нәтижесінде мұнайдың бағасы 30 долларға оралды. Өйткені төмен бағалар Ресейге де, Араб елдеріне де, Америкаға да тиімсіз. Сондықтан АҚШ президенті өзі шығып сөйлесті. Ол  «Ресей билігі мен Араб елерімен сөйлестім, олар келісімге келетін болды» деп твиттеріне жариялады. Осыдан кейін бірден әлемдік нарықта мұнай бағасының қалыпқа келуіне әсер етті. 6 сәуірде ОПЕК+  кеңесінің отырысы өтеді. Егер отырыс сәтті өтіп жатса мұнай бағасы қалпына келіп, 40 долларға қарай көтеріледі деген үміттемін.

-       Мұнай бағасының арзандауы салдарынан елімізде теңге құнсызданып, доллар бағамы 450 теңгеге дейін барды. Теңгеміз әлі де құнсыздануы мүмкін бе?

-       Мұнай бағасы біздің теңгемізге үнемі әсерін тигізіп отырады. Егер мұнай бағасы қалпына келмесе,  жақын арада 40 доллардан аспаса, ұзақ уақыт бойы 30 доллар шамасында қалып қалса теңгемізге үлкен қысым түсетін болады. Өйткені теңгенің құнсыздануына бірінші кезекте біздің мұнай экспортерлеріміз мүдделі. Олар ең болмаса курстың айырбасы арқылы табыс табуды көздейді. Сондықтан біздің экспортерлеріміз белгілі дәрежеде теңгенің құнсыздануына қысымын түсіреді. Нақты бір санмен мөлшерлемесек те мұнай бағасы құлдырай берсе жақын арада теңгеміз оңала қоймайды.

-       Теңге құнсыздануының алдын алу үшін Ұлттық банк қандай шаралар қолданып отыр? Ол теңгені қаншалықты ұстап тұра алады?

-       Ұлттық банк теңгені белгілі дәрежеде ұстап тұруға әрекет еткен. Бірінші әрекеті базалық пайыздық мөлшерлемені 12 пайызға көтерген болатын. Сол кезде теңгені 400-дің маңайында ұстап тұрады деп сенген болатынмын. Теңге құнсызданған алғашқы аптада Ұлттық қордан интервенция жасай бастады. Қазір интервенцияға қанша қаражат жұмсағаны туралы ақпарат шықпады. Оны Ұлттық банк 9 сәуірде жариялайды. Шамамен 1 миллард доллар деп естідім. Ол үлкен қаражат. Ұлттық қордан ондай қаражат ала беруге келмейді. Сондықтан ұлттық банк теңгені жіберуге мәжбүр болып тұр. Өйткені, рубль де қатты құнсызданып, Ресей рубльді ұстап тұруға әрекет жасамады. Соның салдарынан рубльдің алдында теңгеміз құнды бола бастады. Біздің тауарларымыз Ресейдің тауарларының алдында бәсекеге қабылетсіз бола бастады. Сондықтан ондай қауіпті де жіберуге болмайды. Амалдың жоғынан теңгемізді еркін жіберуге тура келді. Ұлттық банкітің жасап жатқан әрекеттеріне келсек базалық пайыздық мөлшерлемені 12 пайызға көтерген болатын, оны қайтадан 9.5 пайызға қайта түсірді. Стипуляцияның көп болмауы үшін заңды тұлғаларға долларды сатып алу бойынша тәртіп енгізді. Заңды тұлғалар доллар сатып алатын болса 10 күннің ішінде жұмсауы керек, егер 10 күнде жұмсамаса қайта сатуы керек. Бұл белгілі дәрежеде теңге бағамына әсер ететін күштерге тосқауыл қойды. Сондай-ақ бағамға қатысты дәліз қою сияқты әрекеттер жасауда.

-       Коронавирус әлемдік және отандық экономикаға қандай әсерін тигізуде? Коронавирустан кейін Қазақстан халқы мен билігін не күтіп тұр?

-       Коронавирус салдарынан әлемде экономикалық іскерлік,  белсенділіктің бәрі тоқтап жатыр. Бұл әлем экономикасында күтпеген жерден алған тосын соққы болып отыр. Мұны экономикалық қарақол деп атайды. Өзге елдер сияқты Қазақстанға да өз әсерін тигізіп жатыр. Негізгі үлкен қалаларда шектеулер қойылды. Азық-түлік пен денсаулық сақтау саласынан басқа жұмыстың бәрі тоқтап тұр. Қаншама кәсіпкерлеріміз жұмысын тоқтатты. Бұл экономикалық жағынан да үлкен залал болып отыр. Кәсіпкерлеріміз табыс таппаса олар бірден шығындарын қысқарта бастайды. Ең негізгі төлем еңбекақы төлемі. Көптеген кәсіпкерлер жұмыскерлерін қысқарта бастайды. Ең жақсы дегендері жұмысшыларын ақысыз демалысқа жібереді, ал көпшілігі жұмыстан босатып бұның соңы жұмыссыздыққа әкеліп соғады. Қазір әлемде де жұмыссыздық өрши бастады. Соның салдарынан біраз мемлекетте халқы толқып жатыр. Американың өзінде 6 миллионға жуық адам жұмысынан айырылғанына байланысты әлеуметтік көмекке өтініш жазыпты. Бұндай жағдай тарихта болмаған екен. Европада да жұмыссыздық қатты өршіп жатыр. Біз де солай болмақ, жұмыссыздыққа алып келеді. Қазірдің өзінде халықтың қолында ақша жоқтығы, тіпті көптеген адамдардың жеуге азығы жоғы байқалады. Оны 42500 теңгелік әлеуметтік көмекке өтініш берген халықтың қарасының көптігінен де байқауға болады. Мемлекет енді осы кезде бірінші жұмыссыздықпен күресуі және де халықтың табысын арттырудың жолдарын қарастыруы керек.

-       Дағдарысқа қарсы мемлекет нақты қандай шаралар жоспарлауда?

-       Мелекет қазір өзінің дағдарысқа қарсы бағдарламасын ұсынды. Сол жерде 4,4 триллион теңге деп бағаланды. Осы қаржыны бүкіл экономикаға, дағдарыстан шығуға арнаймыз деп жатыр. Оның біраз бөлігін бірінші кезекте халыққа үлестіріп жатыр. 42500 теңгені алдында 1,5 миллион адамға таратымыз деген болатын. Ондай адамдардың көп екенін түсінікті болды. Енді 3 миллионға толытырып жатыр. Бұл қазіргі үйде отырып қалған азаматтарға ең болмаса азық-түлігін алса да қолдау. Екінші жағынан бұл бизнеске қолдау. Бизнеске қолдаудың да нақты тетіктері көрсетілді.  Шығын-орта бизнесті қолдауға 1 триллион теңге бөлініп отыр. Сол қаражаттың ішінен ауыл шаруашылығына 170 миллиард теңге бөлініп отыр. Көктемгі егіс жұмыстары тоқтап қалмас үшін 5 пайызбен несие қарастырылуда. Алдағы уақытта кәсіпкерлерге де 6-8 пайыздық несие береміз деп жатыр. Одан кейінгі көмек салықтық жеңілдіктер. Әсіресе еңбекақы қорына түсетін салықтан босатып отыр. Оға қазан айына дейін рухсат берді.  Бұл үлкен көмек. Өйткені еңбекақы қорына түсетін салық әрбір жұмысшыға төленеді. Әр жұмысшының жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, медициналық сақтандыру қорын жіберетін ақшаның бәрін қысқартты. Бұл дегеніңіз белгілі дәрежеде көмек. Бұдан басқа  кооперативтік табыс салығы, қосымша құн салығы қатарлы ірі көлемдердегі салықтарды 3 айға шегеруге рухсат берді. Онан кейін маған бір ұнағаны фермерлерге қолайлы болу үшін форвардтық операцияларды жүзеге асыра бастады. Қаржы тілінде форвардтық операция деген тауарға алдын-ала белгі көлемге, белгі уақытқа келсім жасау. Осы келісім негізінде фермерлер өздерінің өнімдерін ешкім алмай қоймайма деп алаңдамайды.

-       Дағдарыс кезінде жылжымайтын және жылжымалы мүліктердің бағасы қалай өзгереді?

-       Жылдымайтын мүлік болсын барлығына әсер ететін теңгеміздің әлсіреуі болып тұр. Теңгенің әлсіреуін толығымен девальвация деп айтуға болады. Бұл жылжымайтын мүлік, импорттық тауарлар және елімізде өндірілетін бірақ қосалқы бөлшектері шет елден келетін тауарлардың қымбаттауына әсер етеді. Бұның екінші жағы да бар, дағдарыс басталып жатқанда азматтар негізінен ақшаларын жұмсай бермейді, керісінше жинақтай бастайды. Осындай жағдай негізінде сұраныс түсіп кетсе қымбаттамауы да мүмкін. Осы екі фактордың қайсысы басым болса соған қарай ауады. Сұраныс болмаса белгілі дәрежеде жеңілдіктер қойып арзандатуы да мүмкін.

-       Бұл қиын қыстау кезеңде халық қандай мәселлерге басты назар аударғаны жөн? Қарапайым азаматтарға дағдарыс кезінде не істеуі керегі жөнінде кеңесіңізді берсеңіз.

-       Дағдарыс басталады дегенде көп азаматтарда санадағы дағдарыс басталып кетеді. «Дағдарыс, қайда барсаң да кризис, сол үшін менің жолым болмай жатыр, жұмыс жоқ» деп азаматтар өздеріне қабылдап қалмаса екен, санадағы дағдарыс басталып кетпесе екен. Керісінше азаматтар өздеріне деген сеніммен жаңа мүмкіндіктерді, жаңа жолдарды қарастырып көрген жөн. Осындай кезде мамандықты өзгертіп, басқа салаларды да қарап көруге болады. Дағдарыс кезінде кейбір салалар дамиды. Қазір мына пандемия кезінде көріп отырмыз, интернет, IT саласы қатты дамып жатыр. Осы сияқты мүмкіндіктерге дайын болуымыз керек. Ол үшін білім жинап, қарым-қабылетті дамытуға тырысу керек. Қазір ақшаңыз болса білім жинауға жұмсаңыз. Доллар алып қоюға асықпаңыз. Қазір доллар қымбат, ертең түсіп кетуі де мүмкін.

-       Азаматтар ақшаларын қалай сақтағаны жөн?

-       Ең дұрысы теңдей сақтап отыру. Жартысын теңгемен, жартысын доллармен деген сияқты. Мұндай жағдайда теңге түсіп жатса да, көтеріліп жатса да алаңдамайсыз. Бірақ енді ұзақ мерзімге сақтайтын көбірек қаражатыңыз болса әрине оның көп бөлігін шетелдік валютада сақтаған жөн. Тек ғана доллар емес Евро, Швейцария франкі, фунт стерлинг сияқты валюталарда теңдестіріп, бөліп сақтап қоюға болады. Сосын қазір банктерге толық сенім жоқ. Банктер де банкротқа ұшырап кетуі мүмкін. Сол үшін банктердің рейтингін қарап, ең сенімді деген банкте сақтаған дұрыс. Банктердің де өз шарттары бар. Егер сіздің 17 миллион теңге депозитыңыз  бір банкте болып, ол банк банкротқа ұшырап кетсе 10 миллион теңгеңізді сақтандыру қоры береді, 7 миллион теңгеңізден қағыласыз. Сол үшін ондай көп қаржыны банктерді зерттеп, бірнешеуіне бөліп сақтаған да дұрыс.

Сұхбаттасқан: Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Мәулен Әшімбаев: Бұл дағдарыстың уақытша екенін ұмытпайық
    Маса коронавирусты таратуы мүмкін бе?