Маса коронавирусты таратуы мүмкін бе?

Уақыты: 2020-04-07 Көрлімі: 2374 Сипаттама

Ресми деректерге қарағанда жыл сайын миллионнан астам адам масаның тасмалдауы арқылы...

04deb64d03a3ca4db8df1dc3ce52d522.jpg

Ресми деректерге қарағанда жыл сайын миллионнан астам адам масаның тасмалдауы арқылы таралтын аурулардан қайтыс болады. Ал елімізде бұл сан белгісіз. Дегенмен еліміздің көптеген өңірлері масалардың «ата мекені».

Қан соратын масалар  Culicidae тұқымдасына жатады. Жер шырында 3600-дей түрі бар. Олар Антарктикадан басқа барлық құрлықтарға таралған. Ал адамзаттың қанын жақсы көретін кәдімгі масаның (лат. Culex pipiens) аналықтары құрсағындағы жұмыртқаның дамуы үшін адам қанымен, қалған кездерде аталықтары секілді өсімдік нілімен қоректенеді. Міне, осы адам қанын соратын аналық масалар көптеген аулардың қоздырғышы: мысалы, жапон энцефалиті, менингит, безгек, т.б.

Алайда масалардың SARS, MERS секілді адамзат бұдан бұрын тап келген коронавирус түрлерінен болған аурудың таратушысы болғандығы туралы дерек жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 масалар арқылы таралмайды деген ақпарат таратты. Бұған себеп  масалар - суық қанды жануарлар ал көптеген вирустар масалардың дене температурасында да өмір сүре алмайды. Оның үстіне масалар өздері сорған қанды қорек ретінде пайдаланады. Ол вирустар келесі адамға жұғуы үшін сілекейдің құрамдас бөлігіне айналуы керек. Бұл көптеген вирустар үшін өте қиын процесс. Дегенмен коронавирус жұқтырған адамды шаққан масаны өлтіру қауіпті болуы мүмкін.  Яғни масаны шапалақпен өлтіріп, қолыңызды жұмасаңыз қауіп бар деген сөз.

Енді 1,2 айдан кейін масалар көбейе бсатайды. Коронавирустың нақты таратушысы болып саналмаса да маса тасымалшысы болатын басқа жұқпалы ауыруларды айттық. Енді масамен күресті қалай тиімді жүргізген жөн деген сұраққа жауап беріп көрейік.

Масалардың өмірі төрт кезеңнен тұрады; жұмыртқадернәсілқуыршақ-ересек маса. Имаго немесе ересек маса кезінен басқа өмірінің үш кезеңі сулы жерлерде өтеді. Міне олардың суда өмір сүру кезеңі оларға қарсы күресті бастайтын тамаша кез. Алайда Елордадағы масамен күрес тек ересек түрімен  химиялық – дезинсекция әдісін пайдалану арқылы өнімді нәтижеге қол жеткізе алмай жүр. Егер күз кезінде саз, батпақтарды, өзен, көл жағалауларын арнаулы препараттармен химиялық дезинсекция жасау керек, бұл кезде масалар жұмыртқа күйінде болатындықтан оңай өлтіруге болады. Негізінде масалармен күресте Bacillus thuringiensis бактерияларына негізделген экологиялық таза биологиялық препараттарды қолданудың тиімділігі жоғары. Препараттың құрамына Bacillus thuringiensis микробтық культурасының споралары мен ақуыз кристалдары болады, оны масалардың дернәсілдері жегенде бірден өледі.

Масалармен күресудің тағы бір әдісі - масалардың генетикалық модификациясы, яғни көктемде қолден гендік модификация жасалған аталық масаларды табиғатқа жіберу нәтижесінде олар тіршілікке қабілетсіз ұрпақтардың өмірге келуіне себепші болады. Мұндай жағдай келесі жылы популяция санының түбегейлі азаюына әкеледі.

Ультракүлгін сәулелі арнаулы шамдар ауылшаруашылығында зиянкес жәндіктермен күресудің бір тәсілі ретінде пайдаланып жүр, бұны масаларға қолдансада болады. Сонымен бірге масалар иістерге өте сезімтал, бұл оларға қарсы күресте көмектеседі. Мысалы, қарағай, шырша, арша ағаштармен қаланы абаттандыру қай жағынан болсын көп пайда әкеледі.

Әлібек ЫДЫРЫСҰЛЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  биомедицина ғылыми-зерттеу орталы

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Мақсат Халық: Санадағы дағдарыс басталып кетпесе екен
    ТӘЖИН ТӘУЕКЕЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕДІ