ҚАЗАҚ ЕЛІ ІЗГІЛІКТІҢ ЖАҢА ЖОЛЫН ТАҢДАЙДЫ

Уақыты: 2022-01-19 Көрлімі: 402 Сипаттама

Жаңа үкімет не бітіре алады?Берекемен бірлік мейіріммен ғана келеді, мейірімі болмаса...


fQc5yFqe3YIDhXWCmZWjc3EVLFKrOkvHVcFr2ILy.jpg

Жаңа үкімет не бітіре алады?

Берекемен бірлік мейіріммен ғана келеді, мейірімі болмаса ненің береке-бірлігі болсын!.Мейірімсіз дүниенің бәрі бос, бекер екенін көрдік. Сонда дүниенің тірегі мейірім екенін түсінбеу мүмкін бе?     

                                                                                                                                                                                   Автор 

                                                                                             

   ҚР-ның Билік иелеріне,    барлық     басшыларға тағы бір ашық хат! 


«Қаңтар оқиғасы» қаралы күн ретінде есте қалды, енді қателік шығармауымыз керек. Халық дана ғой, бірақ сол қара орман халықпен санаспаушылықтың кесірін тарттық, әйтеу тәуелсіздігімізді сақтап қалғанымызға қуандық.

 Қиын қыстау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болдық, қолдадық, «халық дана» деп отырғаным осыдан. Сонымен біз не істедік? 

Лаңкестердің көзін жою үшін сыбайластарымыздың көмегіне жүгіндік. Әупірімдеп жүріп, ортаны тыныштандырдық. Үкіметті отставкаға жібердік, жаңа үкімет құрдық. «Жаңа Қазақстан» мемлекетін құру жоспарына кірістік. Бұрынғы биліктегілерді ауыстырсақ барлығы оңалады деген байлам жасап отырмыз. 

   -Жоқ, олай болмайды. Бұл өзімізді өзіміз алдау. Біз тәуелсіздіктің соңғы 30 жылында үкімет құрамын қанша рет ауыстырдық. 

«Бір қызым бір қызымнан сорақы» болып шықты.  Керісінше 1990 жылдарғы үкімет халыққа бір табан жақын екен. Соңғы жылдары жағдай жақсарғанды қойып кері кетіп барады. Мамин үкметі кетті. Ал жаңа үкмет не істемек? Күнделікті айқай-шу басылмайды. Үкімет бастығына, министрлерге кімдерді апарып қойсақ та «баяғы жартас, бір жартас» ауыс-қиыстан ешнәрсе өзгермейді. Бәрі-бір буып, матап тастаған қатаң заң, ереже, стандарттар ешкімді де қозғалтпайды. Бұрынғы бюрократтық, жемқорлық, қатыгездік асқынбаса, басылады деу мүлдем өтірік. 

    Қазіргі мақсат біріншіден халықты тынштандыру, екінші қоғамды тығырықтан шығару, үшінші халықты мемлекетпен бірге ету,  төртінші халықтың жағдайын қазіргіден бес есеге дейін көтеру. Сөйтіп мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап қалу. Бесінші ұлттық құндылықтарымызға сүйене отырып, қазақ еліне «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заман әкелуді ғасырлар бойы армандаған бабалар арманына жету. -Қысқасы  халықтың жағдайын Катар, Кувейт сияқты өркенге жеткен шағын елдердің дәрежесіне жеткізу. 

   -Ол үшін біз не істеуіміз керек? Әрине, сұрақ орынды. Сол үшін  Президентіміз өзі айтқандай жаңаруымыз керек, «Жаңа Қазақстанды» құруымыз керек. Құрудың жолын табуымыз керек, егер таба алсақ бағымыз,таба алмасақ сорымыз, мыңдаған жыл тарихы бар өркениетті елдердің өзі әп сәтте құрып, жоқ боп жатқанын естіп отырмыз, алла ондайдан сақтасын деп тілейік. Біз бағымыз бар бақытты халықпыз, сол бағымызды ұшырып алмайық, ұшырмайтын мүмкіндікті Президентіміз жасай бастағанын көріп отырмыз. Әубастан халқын қолдады, халықтың сөзін сөйледі, басшыларды халықпен бірге болуға шақырды, қоғамдық келісім кеңесін құрды, кешегі ауыр жағдайда мен халқымды қорғаймын, халықпен біргемін деп тұрасын айтты. Оған халық үміттенді, сенім артты. 

      Енді Президентіміз қалай, неден бастау керек -қысқасы ізгіліктің жолын ашуы керек. Ізгіліктің бұл жолы Тәуелсіздігіміздің жалғасы ретінде тарихта сара жол атанады. Ізгіліктің бұл жолы   Билік басындағы барлық лауазымды тұлғаларды мейірімді болуға шақырып, қарапайым халыққа мейірімділік жаса, қамқорлығыңа ал, қайырымды бол, барлығын адамдар үшін жаса, солар аш болса, сендер де аш болыңдар, олар бай, бақытты болса, сендер де қуаныңдар, жұмыс уақытының тең жартысын қарапайым халықпен бірге өткізіңдер, оларды кез-келген уақытта қабылдап, мәселесін шешіп берідер. Мемлекеттің міндеті – осы.  Сол үшін мейірімділік заңдылығына сүйене отырып, қоғамда мейірімділік қатынас орнатуға бет бұрыңдар деген жалғыз ауыз жақсы сөзі болса, сол күннің ертеңінде айқай-шу басылады. Қоғам да тығырықтан шыға бастайды. Бағы жанған халықтың мемлекетінің де беделі әп-сәтте көтеріледі. Басшылардан, биліктен басталған мейірімділік адамдар арасында мейірімділік қатынасқа айнала бастайды. Әрі қарай  мейірімділік заңдылығы бәрін өзі реттейді, қалпына келтіреді. Президентіміздің бірауыз жылы сөзін естіген халық сол күннің ертеңінде Мемлекетімізді өздері ақ қолдап, жанын беруге дайын тұрады. Президенттен мұндай тапсырма алған бүкіл басшылар, министірлер, әкімдер сол сәттен бастап қарапайым халықпен бірге болудың жолын өздері аша бастайды. Міне, біз қиналмай, қыруар қаржы жұмсамай, өте оңай жолмен ізгіліктің бұл жолын аша аламыз. (Мен бұл тұрғыда Президентке екі рет хат жазғанмын, өкінішке орай өз қолына жетпеді ме, болмаса Президент Әкімшілігінен саралап, ой елегінен өткізбегеніне өкінемін).

   Дәл осыдан кейін «Жаңа Қазақстанды» құруға бет бұруымыз керек, өмірге сәйкеспеген, пайдасынан зияны көп, бөгет боп тұрған заң, ереже, стандарттады өзгертуден бастау дұрыс, әсіресе батыстан қотарып алынған, ұғылмайтын, сыңар жақ, біріне бірі қайшы, қатыгездік танытқан заңдарды өзгертіп, халық мүдесін қорғайтын, адамдардың алдын ашатын, ,мейірімділікті арқау еткен заң, ережелерін қарастыру дұрыс. Адамдардың рухын асқақтататын, әлауқатын жақсартатын, азаматтарды жасампаз ететін, белсенділігін арттыратын заң ережелерін ескеру жөн. Осыдан былай Қазақ елінде қаралатын заң ережелер қазақтың тілінде ұғылатын, ұлттық рухпен

жазылуы керек.Ойлайтын мәселе өте көп.   Одан кейін қоғамда қалыптасқан былық шылықтан тазару, әсіресе екі ортадан пайда табу, жеу үшін құрылған қор, қазыналарды түсіріп, олардың алып, ішіп, жеп келген ақшаларын мемлекетке ұсыну арқылы халыққа арнау керек. 

     Содан кейін Президент тапсырмасын орындай алмаған, халық қалауынан шыға алмаған, қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлей алмаған, іскерлік таныта алмаған, адамдарға мейірімі, қайырымы жоқ, «балта сабынан озбаған» азаматтарды тура ауыстырып олардың орнына жасампаз, халық қалауынан шыққан қазақый азаматтарды қойған дұрыс. Ал сыбайлас жемқорлыққа байланысқан адамдардан тазару бөлек мәселе. Кадр мәселесіне байланысты Президентімізге ешкім әсер етпесін, бұрынғыдай бармақ басты, көз қысты болмайтынын түсінген жөн. Басшылық қызыметте жүргеннің бәрі ақымақтар емес, олардың ішінде де талай мықтылар бар, оларды да Президентіміз біледі. Ол адамның алдында Мемлекетіміздің, 20 миллион халықтың тағдыры тұрғой. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Сізде ешкімге жалтақтамаңыз, сіздің күш қуатыңыз бір қазақ еліне жетеді. Екі көршімізбен де Әлем елдерімен де жасап отырған достық қатнасыңызды халқыңыз қолдайды, Ресей біздің тағдыр сыйлаған көршіміз, олар ақылды дана халық, Президенті Путин бізге бәрі болса екен, тілдерін асқақтатып, біздер сияқты кемеліне келсе екен, ұлы елдер қатарында болса екен деп тілейді, орыс халқы, Ресей мемлекті  де аман болсын.      Айналып келгенде халықты тірілтетінде, өлтіретінде Сіздің бірауыз сөзіңіз болып отыр, жоғарыда айтылғандай билік басындағыларға, бүкіл басшыларға өздерің мейірімді болыңдар, адамдаға мейірімділікпен қатынасып, әрбір адамға мейірімділік жасаңдар, қамқорлыққа алыңдар, жердің асты-үсті байлығын тек халыққа арнаңдар, бәрін адам үшін жасаңдар деген шешім берсеңіз сол сәттен бастап қоғамда мейірімділік қатнас орныға бастайды, заң ережелердің бәрі жұмсарып, адам өміріне пайдасын тигізе бастайды, адамдарымыздың белсенділігі артып, әрбір адамның еңбек өнімділігі еселеніп өседі. Адамдар өсекке, құйтырқы саясатқа еріп арандатушылыққа бармайды, керісінше мемлекетін қорғайды, араларында тұтастық пайда болады. 

  Адам –қоғамдағы шешуші фактор. Мұны лауазым иелері білмейді емес, біледі, жаттап алған, таңдайы тақылдап тұрып айтады. Бірақ шешуші фактордың байлаулы қолын шешуді білмейді. Ол мейірімділік заңдылығы екенін білмейді.Осы тұрғыда кеш қалдырмай қолға алатын тағы бір негізі мәселе ұлттық идеолгиямызды жандандыру керек. Қанша пәлен дегенімізбен Социализімнің артықшылығы оның идеолгиясының соншалықты күшті болғанында. «Жаңа Қазақстанды» құру үшін ең алдымен біз мейірімділік заңдылығына сүйенген ұлттық идеолгиямызды қалыптастуымыз қажет 

  Жалпы, адамдарға жалғыз ауыз сөзбен рух, ынта сыйлауға болады. Бұл идея мейірімді қоғам құрудың бастамасы, шынайы ізгіліктің жол болып табылады. Бұл мемлекеттен ешбір қаржы, күш талап етпей-ақ зор мүмкіндіктердің жолын ашады. 

Бұл Алланың адамзат баласына көрсеткен жолы. Айыбымыз біз оны танып-біле алмай, қызылды-жасылдыға, бір күндік қызыққа, қызыққа емес, дарақылық, жүгенсіздіке алданып, батысқа еліктеп кеттік. 

Батыстың да көрер күні қалай боларын уақыт көрсетер, біз өзгеге еліктемей, көз сүзбей, өз күнімізді өзіміз көретін күнге жеттік, енді өз жолымызды өзіміз ашқанымыз осы, алламызға шүкір дейік.

    Осы тұрғыда мен өз басым мейірімді қоғамның пайдасы туралы кітаптар жаздым. Мейірімділік заңдылығын танып білуге байланысты қазақ философиясын жаздым. Бұқара қауымға оқылатын көптеген лекциялар жазылды. Егер Президентіміз қолдап «Жаңа Қазақстан» өз жұмысын мейірімді қоғам құрудан бастаса ізгіліктің жаңа жолы ашылар еді. Жаңа үкімет осы істі қолға алса ғана нәтижеге жетеді.


    Үзбен Құрманбайұлы,

    Қоғам қайраткері.

    Нұрсұлтан қаласы

     18.01.2022


Пікір жазу
  • Елбасы Қазақстан халқына үндеу жасады
    БИЛІК ТРАНЗИТІНІҢ АЯҚТАУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

    Ұқсас тақырыптар