Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуы болды

Уақыты: 2020-01-21 Көрлімі: 1746 Сипаттама

Елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұр...

200121150426593e.jpg

Елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шара басталды.

2019 жылдың мамырында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында қаулысы жарық көрген болатын. Қаулыға сәйкес, Абай мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, жалпыреспубликалық жоспар бекітілген.

Алдағы уақытта Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шаралар қабылданып, Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференция жұмысына Германияның Гете институтынан, Түркиядан, Моңғолиядан, Қытайдан, Америкадан және Канададан, Татарстан мен Әзербайжан сынды өзге де мемлекеттерден Абайдың шығармашылығы мен өмір жолын зерттеп жүрген зиялылар қатыспақ.

Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 3 млрд теңге көлеміндегі жылдық жоспарланған қаржысы есебінен өтеді.




Пікір жазу
  • Елордада Әл-Фараби мен Абай мерейтойының тұжырымдамасы бекітілді
    Ұлттың коды мен паспорты