«Елбасы жолдауы – ел дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел өтеді

Уақыты: 2018-11-20 Көрлімі: 1805 Сипаттама

Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Целиноград аудандық әкімдігі және Дүниежүзі қаз...

20170709143922798_big.jpg

Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Целиноград аудандық әкімдігі және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының  қолдауымен «Елбасы жолдауы – ел дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел мақсаты: дөңгелек үстел Тұңғыш Президент күні (1 желтоқсан) мен Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі Жолдауын талқылау. Әсіресе, Жолдауда аталған «жастар жылы» тақырыбының тарихи отанына оралған қандастар мәселесімен сабақтастығын өзек ете отырып, қазақ диаспорасы өкілдері арасындағы қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің рөлін айқындау.   Шетелдегі және атамекенге қоныс аударған қандастарымыздың мәселелерін талқылау. Олардың Қазақстан қоғамына кедергісіз бейімделіп, қазақ елінің гүлденуі мен дамуына үлес қосуына ұйтқы болу.

Дөңгелек үстел күн тәртібі:

   Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі Жолдауын талқылау

— «Жастар жылы» аясында шеттегі және шеттен көшіп келген қазақ жастарының білім алу, жұмысқа орналасу, құқықтық және құжаттық мәселелері;

— Шетелдегі және ата мекенге оралған қандастар  арасындағы сыртқы көші-қон мен ішкі көші-қон (Алматы және Түркістан облыстарына көшіп келген қандастарды Солтүстік облыстарға орналастыру) мәселелерін талқылау;

   Жоғарыда айтылған мәселелер негізінде қоғамдық ұйымдардан нақты ұсыныстар қабылданып билік өкілдеріне табысталады.

 

Дөңгелек үстел қатысыушылары:

І Ресми билік және партия өкілдері:

1.     Ақмола облыстық әкімдігі өкілі

2.     Целиноград ауданды әкімі және ішкі саясат бөлімі бастығы.

3.     «Нұр отан» қоғамдық-саяси партиясы өкілі

ІІ Қоғамдық ұйымдар:

Астана қаласы:

4.     Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

5.     «Отандастар» қоры

6.     «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігі

Алматы қаласы: 

7.     « Ер Жәнібек» халықаралық қоры

8.     "Жебеу" Республиқалық қоғамдық бірлестігі

9.     «Ата жұрт ерікті жастары» қоғамдық ұйымы

Шымкент қаласы:

10.                        « Еркін Адам» Республикалық қоғамдық қоры

Өскемен қаласы:

11.                        « Алаш» қоғамдық ұйымы

Павлодар қаласы:

12.                         Көші-қон бойынша қоғам белсендісі Сәулетбай Сарқытұлы

Қарағанды қаласы:

13.                        « Ұлт жанашыры» қоғамдық бірлестігі

 

Дөңгелек үстелге қатысқан қонақтар «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешеніне экскурсиялап, кешкісін Қоянды ауылы «Алаш» мейрамханасында қандастар арасындағы қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, және белсенді азаматтардың қатысуымен өтетін «Тәуелсіз елім ─  тұғырым» атты тәуелсіздік күніне арналған ән-жыр кешіне қатсады. Бұл кеште желтоқсан құрбандарына арнап құран бағышталып, тәуелсіздік туралы ән-жыр айтылады.

 

Өтетін күні: 5 желтоқсан 2018 ж.

Басталуы: 10:00-де

Өтетін орны: Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігі мәжіліс залы.

Ұйымдастырушылар:

«Кемел» жастар қоғамдық бірлестігі(Ақмола),

«Елім-ай» қайрымдылық қоры (Астана).

Қолдаушылар: Целиноград ауданы әкімдігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы.

Байланыс телефондары: 87474880889.

Эл. пошта: zharkinbek_1203@mail.ru

 


Пікір жазу
  • Адырна: Әкімшілік алдындағы міндетіміз аяқтағанмен қандастарға қызмет көрсете береміз
    Ақордада Қазақстан азаматтығын алу мәселесі талқыланды