Қандастардың зейнетақы мәселесі шешімін тапты

Уақыты: 2019-01-09 Көрлімі: 476 Сипаттама

2019 жылдың басынан бастап тарихи отанына оралған қандастарымыздың зейнетақы төлемдері...

2019 жылдың басынан бастап тарихи отанына  оралған қандастарымыздың зейнетақы төлемдерін тағайындағанда, бұрынғы қызмет жасаған елдеріндегі еңбек өтілін есептейтін болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VІ ҚР   Заңына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Аталмыш заңда «13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

18) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі», -деген  Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 13-бапына қандастардың зейнетақы төлемін тағайындауды қамтамасыз ететін арнайы тармақша қосылған.

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы

13-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу

Ескерту. 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:

 1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;

 2) әскери қызмет;

3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;

 4) мемлекеттiк қызмет;

5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;

  6) басқа адамның көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;

 7) 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;

 8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;

9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

10) еңбекке қабілетті азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен әкетілген адамдардың (жасына қарамастан), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыты;

  11) жұмыс iстемейтiн соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;

12) бұрынғы кеңестік мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;

 13) әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;

 14) алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

 15) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу;

 16) ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан, әскерилендiрiлген күзеттегі, арнаулы байланыс органдарындағы және тау-кен-құтқару бөлiмдерiндегі қызмет;

17) алып тасталды - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

 18) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі.

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • Мади Мантабек «Отандастар» қорының вице-президенті болды
    ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен ҚазАқпараттың арнайы репортажы