Алматыда Қытайдағы қазақтар мәселесі бойынша баспасөз маслихаты өтті

Уақыты: 2019-01-10 Көрлімі: 1507 Сипаттама

Бүгін, Алматы қаласы "Рамада" қонақүйінде «Қытайдағы Қандастарды елге көшіру бағыты, он...

2ffa7ac1-be67-46f2-a3f8-14ff05dd1537.jpg

Бүгін, Алматы қаласы "Рамада" қонақүйінде «Қытайдағы Қандастарды елге көшіру бағыты, ондағы саяси мəселер, оларды қорғау жолдары» атты баспасөз маслихаты өтті.

Баспасөз маслихатына журналист Марат Тоқашбаев, саясаткер Расул Жұмалы, режиссер Еркін Рақышев, ақын Қазыбек Иса, қоғам белсенділері Қыдырәлі Ораз, Нұрлан Ерған, Ырысбек Тоқтасын және Қытайда туысытары қиындыққа ұшыраған бір топ қандастар мен журналистер қатысты.

"Президент жəне Халық" газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев «Қазақстан үкіметі де осы істе бей-жай қарамай, қандастарының өтініш-талаптарына құлақ асты және осы мәселе бойынша Қытай үкіметіне аранайы хаттар жолдады. Қазіргі кезде осы жұмыстардың бәрі нәтижесін беріп жатқаны бізді қуантады. Қандастарымыздың Қытайдың саяси үйрену орталықтарындағы ауыр күндерін артқа тастап, елімізге келуі біз үшін үлкен қауаныш. Бірақ, арқаны кеңге салуға әлі ерте, әлі неше мыңдаған қандасымыз қысымда ұшырап отыр», - деп  Қытайдағы қазақтар мәселесімен айнылысып жүрген ұйымдардың  қандастар мәселесін жағасты көтере беруді қажеттілігін, «мемлекет аралық бағдарламалар арқылы қандастарды көшіріп алу мәселесін қозғаумыз керек» деген ұсынысын айтты.

Қоғам белсендісі, Атажұрт еріктілерінің негізін қалаушы Қыдырәлі Ораз «2017 жылғы негізгі жұмысымыз Қытайдағы қазақтар мәселесін Қазақстан билігіне жеткізу болса, 2018 жыл Біріккен ұлттар ұйымына жеткізу болды. Осы мақсатта 2018 жылғы ең үлкен жұмысымыз Женевада Қытайдағы қандастар мәселесін көтергеніміз. Сонымен бірге, Қазақстан үкіметі тарапынан дипломатиялық жұмыстар да болды. Соның нәтижесінде көптеген қандастарымыз қазір лагерден шықты. Біразы Қазақстанға келіп үлгерді. Бірақ сонда да әлі  шықпай жатқан азаматтар бар. Лагерден шыққан азаматтарды бері қарай жібермей жатыр», - деп жиналысты өткізу себептеріне тоқталып, қазір Қытайтану иниститутын құруға дайындалып жатқанын жеткізді.

03739279-6f93-40b7-984a-add0422ae080.jpg

«Жаңа Қазақстан» қозғалысының мүшесі Расул Жұмалы Орталық Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдердің белсенділері бірігіп, Қытайда қиындық көріп жатқан аз ұлт өкілдеріне қатысты ортақ мәлімдеме жасауы керек деген ұсыныс айтты. «Ақ Жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса Жебеу, Атажұрт, Ел аманаты қатарлы қандастар мәселесімен айналысатын ұйымдарды осы мәселеде бірге болуға шақырса, режиссер Еркін Рақышов «Парламентте Қытайдағы қандастар мәселесімен айналысатын арнайы комиссия құрылуы керек» деген ұсынысын ортаға қойды. «Ел Аманаты» қоғамдық бірлестігінің заңды тіркеуден өтіп, ресми жұмысын бастағанын айтқан бірлестік Төрағасы Ырысбек Тоқтасын да қандастарымызды Қазақстанға бір жола көшіріп алмай, мәселе түбегейлі шешімін таппайтынын айтып өтті.

Жиналыс соңында жағындарына жәрдем сұрап келген қандастар сөз алып, арыз-тілектерін айтты. Қыдырәлі Оразұлы бастаған қоғам белсенділері жиналған қандастардың арыз-шағымын алып, қатысты орындарға жеткізетіндігін мәлімдеді.


Jebeu.kz


Пікір жазу
  • ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен ҚазАқпараттың арнайы репортажы
    Екі жылдан бері құжатсыз жүрген қандастардың паспорттары қолына тиді