Димаш Құдайберген Қытайдағы қазақтардың жағдайы жүрегіне ауыр тигенін айтты

Уақыты: 2019-01-30 Көрлімі: 1143 Сипаттама

Әнші Димаш Құдайберген 29 қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қытайдағы қаза...

Dimash.JPG

Әнші Димаш Құдайберген 29 қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қытайдағы қазақтар мәселесіне алаңдайтынын білдірді. Бұл туралы Азаттық тілшісінің "Сіз әлемге Қытай нарығы арқылы танылдыңыз. Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселесі жайында білесіз бе? Олардың мәселесін көтеру ойыңызда бар ма?" деген  сұрағына берген жауабында айтты.

«Әлемнің қай түкпірінде болмасын жаны қазақ деп, қаны қазақ деп  соғып жатқан барша қазақ бауырларымыз - өзіміздің ағайындарымыз және ол кісілердің  тағдыры біз үшін ешқашан қызықсыз болып қалмайды. Қолымнан келсе, бәрін берер едім, бірақ мен халықаралық деңгейдегі үлкен дипломат емеспін. Әрине, қазір өзімді тек әнші ретінде көріп, бұл мәселеде алаңдамай жатыр деп ойламаңыздар. Менің де жүрегіме ауыр тиді. Мен де бұл сұрақтың тезірек шешілгенін қалаймын. Бірақ мен саясаттағы үлкен тұлға емеспін. Мен тек әншімін», - деді Димаш Құдайбергенов

Димаш Құдайберген баспасөз мәслихатын биыл жазда Астанада беретін "Арнау" жеке концертіне арнап өткізді. Жиында әнші өзінің шығармашылық жұмыстары, жоспарлары туралы айтып, журналистер сауалдарына жауап берді.


Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Қандастарға арналған тікелей байланыс орталығы құрылады
    Мәди Манатбек: Министрге белсенді азаматтардан түскен қалың ұсыныс-пікірді, ел аманатын жеткіздім