«Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы дайындалды

Уақыты: 2019-06-19 Көрлімі: 418 Сипаттама

Мемлекетіміздің шеттегі және елге көшіп келетін қандастарды жан-жақты қолдау және көм...

d1869fee6b05185e36f79d25737dc967_L.jpg

Мемлекетіміздің шеттегі және елге көшіп келетін қандастарды жан-жақты қолдау және көмек берудің шараларын жүзеге асыру саясатын орындау мақсатында «Отандастар» қоры жанында Ғылыми-сараптамалық кеңес құрылды. Бүгін осы кеңестің алғашқы отырсы өтіп, «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасының тұжырымдамасы талқыланды.

Ғылми-сараптамалық кеңес құрамына Нұрлан Дәулетбеков, Бүркітбай Аяған, Унзила Шапақ қатарлы 13 адам кіріп, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков төрағасы болды.

Аталмыш заң жобасын «Отандастар» қоры Шетелдегі қазақ диаспорасының құқықтық мәртебесін заңмен реттеп, Шетелдегі және елімізге  көшіп келген қандастарды қолдау үшін дайындаған. Сондай-ақ осы заңда қазақ диаспорасымен экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды орнатуға жағдай жасау, қандастарды ақпараттық қолдауды дамыту, шетелде тұратын қазақтардың еліміздің оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беру негіздері қамтылған.

Кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков Қазақ диаспорасының құқықтық мәртебесін заңнамалық реттеудің қажеттілігі шетелде тұратын этникалық қазақтарға қолдау көрсету мәселелерін реттейтін бірыңғай арнайы құқықтық актінің жоқтығынан туындап отырғанын айтып өтті.

«Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, «Отандастар қоры» тарапынан дайындалған «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасының тұжырымдамасы сіздерге алдын ала таратылып берілген болатын. Оның тұжырымдамасы әлемдік тәжірибедегі қазіргі заманғы үрдістерге,  жинақталған тәжірибеге және қазақ мемлекетінің, қоғамның таяу әрі алыс болашағы туралы ғылыми, түбегейлі идеяларға негізделіп әзірленген», - деді ол.

«Отандастар қорының»  вице-президенті Мағауия Сарбасов «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасының тұжырымдамасында қазақ диаспорасын кешенді түрде мемлеттік қолдау, сондай-ақ қандастарды қолдаудың негізгі кепілдіктерін заң жүзінде бекіту ескерілгенін айтты.

«Заң жобасының мақсаты - шетелде тұратын қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық базасын қалыптастыру. Осы заң жобасы 44 елде тұратын 5 миллионнан астам қазақ өкілінің  мәселелерін шешуде тиімді құжатқа айналады. Құжат аясында «Қазақ картасы», яғни тұлғаның қазақ халқының өкілі ретінде растайтын құжатты енгізу көзделген»,- деді М. Сарбаесов.

Оның айтуынша Қазақ картасы қазақ тілін және салт-дәстүрінің сақталуы мен дамуына, сондай-ақ біздің елге этникалық қазақтардың қоныс аударуына септігін тигізеді деген сеніммен жасалуда.

Сонымен бірге «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасында шетелден келген қандастарға бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсету қамтылған.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қандастарға арналған «Қазақ картасын» жасау туралы ұсыныс талқылануда
    «Жебеу» мен «Отандастар» қоры қандастарымызға бірге қызмет көрсетеді