«Жебеу» мен «Отандастар» қоры қандастарымызға бірге қызмет көрсетеді

Уақыты: 2019-06-20 Көрлімі: 631 Сипаттама

20 маусым күні «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Омарәлі Әділбекұ...

65043003_151199662668022_7209486778275725312_n.jpg

20 маусым күні «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Омарәлі Әділбекұлы «Отандастар» қоры КЕАҚ Бірініші вице - президенті Талғат Адуовтың қабылдауында болды.

Кездесуде қазіргі көші-қонның жағдайы, шетелдегі және елімізге көшіп келген қандастардың түрлі мәселелері, сол бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар мен алдағы жасалуға тиісті жұмыс жоспарлары туралы пікір алмасты.

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Отандастар» қорына шетелдегі «Абай» мәдениет орталықтары арқылы қандастарымызға кітап жеткізу мақсатындағы,  Отандастар қорының кітапханасын толықтыру бастамасына қолдау білдіріп жүзден астам түрлі мазмұндағы кітаптарды сыйға тартты. Оның ішінде Жебеудің қаржыландыруымен жарық көрген тарихшы Нығмет Мыңжанидың таңдамалы мақалалар жинағы, тарихшы Зардыхан Қинаятұлының «Тарихқа көзқарас», «Найман хандығы: Тарихы және мәдениеті» қатарлы кітаптар бар.

Жебеудің Төрағасы Омарәлі Әділбек «Отандастар қоры мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының бірнеше елде филиалы бар, тек Қытайда жоқ. Енді біз осы бағытта бірлесіп жұмыс жасайық, Қытайдың заңдарын жақсы түсінеміз, Шынжаң үкіметімен арада дәнегер болаламыз. Үрімжідегі Қазақстанның Консулдығы жанынан филиалдарыңызды ашсаңыздар болмаса өз өкілдеріңізді сонда жіберсеңіздер», - деген ұсынысын білдірді. Бұл ұсыныс «Отандастар» қоры жағынан қолдау тапты.

Одан бөлек елімізге оралған қандастарға құқықтық кеңес беру, оларды кәсіпке бейімдеу, қандастар арасында жұмыссыздықты жойып, кәсіптерін дамыту, жергілікті ортаға бейімдеу жұмыстары бойынша бірге жұмыс жасауға уағдаласты. Атап айтар болсақ, қандастар жиі орналасқан Шығыс Қазақстан облысы сияқты өңірлерден қандастарға түрлі көмек көрсететін бірлескен орталық ашып, «Жебеу» қоғамдық бірлестігі қандастар мен «Отандастар» қоры арасында дәнегер болса деген ұсыныстар айтылды.

 «Отандастар» қоры мен «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі осы бағыттар бойынша қандастарға қолдау көрсетеін жұмыстарды бірлесіп атқару мақсатында өзара ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды нығайту туралы Меморандум жасайтын болды.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы дайындалды
    «Атамекен» ҰҚП Басқарма төрағасы Жебеудің басшыларын қабылдады