Жаздық лагерлерге Қытайдағы қазақ балалары да көп келсін десек...

Уақыты: 2019-07-12 Көрлімі: 214 Сипаттама

Биылғы жылы «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шетелдегі және елм...

image-2.jpg

Биылғы жылы «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шетелдегі және елмізге қоныс аударған қазақтарды қолдау бағытында бір қатар шаруларды жоспарлап, алғашықыларын орындай бастады. Әсіресе оның ішінде көші-қон процестерін жеңілдетін заң жобасы мен шетелдегі қазақ балаларының елімізбен танысып кетуіне мүмкіндік беретін жобаларын айтуға болады.

Аталмыш қоғамдық ұйымдар шетелдегі қазақ балаларына ел мен жерді көрсетіп,  қазақтың тарихы мен салт-дәстүрін үйретін бірнеше жобаны қолға алып отырған ақпарат құралдарынан көріп-біліп отырмыз. Атап айтар болсақ,  150-дей шетелдегі қазақ баласы 10-24 шілде аралығында Елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында ашылған, «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебінде Қазақстан тарихы, ұлттық ән-би, салт-дәстүрден және қазақ тілінен дәріс алады. Сондай-ақ, Ақмола облысы Зеренді кентінде өтіп жатқан «Зерен-2019» республикалық танымдық жастар лагеріне шетелден 30 қазақ баласы қатысса, «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызымен 5 қаламызды  аралап өткен 200 оқушының 25-і шетелдегі қазақ баласы, 27 шілде мен 10 тамыз аралығында  Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық балалар лагеріне 300-дей шетелдегі қазақ баласы келуге дайындалуда.

Міне бұның бәрі шетелдегі қазақ баласының атамекеніне алғаш аяқ басып, алыстап бара жатқан ұлттың діліне оралуына, туған еліне деген бала махаббаттарының қалыптасуына бастар жол. Еліміздің болашағы, мемелкетіміздің иесі болған елдегі және шетелдегі түрлі иделогия мен менталитеттің ықпалында өсіп келе жатқан қазақ баласының бір-бірімен жақындап, араласып, түсінісіп, бауырмалдық сезімдерін арттырып, өздерін және бір-бірін тануына түрткі болары анық. Осындай жобалардың қолға алынуы туралы ойлар мен ұсыныстар бұған дейін де айтылып жүрді. Бурабайдағы «Балдәрен» республикалық балалар лагеріне қандастарымыздың балалары өткен жылдары қатысқан да болатын. Енді осындай жобалардың көбейгені қуантарлық жағдай.

Жақын жылдары шетелдегі қазақтардың ассимиляцияға ұшырауы қарқын алып барады. Әсіресе, жастар мен жасөспірімдердің ана тілі мен ұлттық болмысынан алыстап бара жатқаны жасырын емес. Еуропа мен Ресейдегі қазақтардың басындағы бұл жағдай қазақтар ең көп орналасқан елдің бірі Қытайда да орын алып отыр. Бұл күнде Қытай мемлекетінің Шынжаңдағы қазақтарға жасаған қысымы көп айтылады. Қазақ мемлекетінің араласуымен қазақтарға жасалған ашық қысым тоқтағанмен, Қытайдың ондағы аз ұлттарға қаратқан саясаты өзгермесі анық. Ол елдің  қазіргі мемлекеттік тіліне басымдылық берген саясаты қандастардың өздіген ассимиляцияға ұшырауын үдете бермек. Өйткені ондағы қазақ тілді мектептер жабылығаны былай тұсын, ауыл-қыстақтардың өзінде 2 жастан бастап бүлдіршіндерді балабақшаға беруді міндеттеген. Бұл тегін әрі міндетті балабақшада бала тек қытай тілінде ғана тәлім-тәрбие алады.  Онысызда қазір қалада өскен балалар ана тілін білмейді деуге болады. Ана тілінде тәлім алып, 12 жыл қазақ мектебінде оқыған біздің замандастарымыздың өзі де әлеуметтік желі мен қоғамдық ортада тек қытай тілін қолданатын болып барады. Осыған қарап, 2 жастан бастап қытай тілінде тәлім-тәрбие алатын баланың келешегін болжай беріңіз. Қазіргі кезде Қытайда қазақ тілі ауылдық жерде ғана тұрмыстық және отбасылық тіл ретінде сақталып тұрса, ендігі ұрпақтың балабақшадан үйреніп шыққан тілі қазақ тілінінің ол орнын да алар уақыты алыс емес. Сол үшін де Қытайдағы бұл жағдайды түсінген қандастарымыздың дәл қазіргі уақытта өздері көшіп келуге шарты толмайтындары балаларын елге әкеліп оқытуда. Ал одан кейінгілері жаздық демалыстарында осындағы туыстарына қыдыртып қайтқанды жөн көреді, қазақша тәлім алып жатқан қатарластарынан алыстап қалмаса дейді. Ал бұндай мүмкіндіктер те екінің бірінің қолынан келе бермейді.  Міне осы тұрғыда жоғарыдағы шетелдегі қазақ балаларына арналған жоба Қытайдағы қазақ балалары үшін өте керекті шаралар еді. Өкінішке орай ондағы қазіргі  саяси жағдай мен аталмыш қоғадық ұйымдардың Қытай тарапымен толыққанды байланыстар орнату мүмкіндігінің жетіспеуіне байланысты бұл игі бастамалардың жемісін Қытайдағы бүлдіршіндеріміз дерліктей көре алмауда. Жоғарыдағы шаралардың ішінде «Балдаурен» лагеріне ғана Қытайдағы қазақ балалары келіп қатысбақшы. Оның өзі жаздық демалысында елімізге туысшылап келетін 10, 15 ғана оқушы болуы мүмкін.

Қазақ елінің шетелдегі қазақ балалары үшін жасаған игі бастамаларынан Қытайдағы қазақ балаларының толық игіліктене алмауының себебі «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Қытай еліндегі қазақтармен қарым-қатынас орнатын сол елдегі бөлімшесінің болмауынан болса керек. Соған қарағанда, Қытайда осы ұйымдардың бөлімшесінің ашылуы кезек күттірмес шаруа. Бұл жөнінде «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы «Отандастар қоры» КЕАҚ Бірініші вице - президенті Талғат Адуовпен кездесуінде өз  ұсынысын айтқан болатын.

«Отандастар қоры мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының бірнеше елде филиалы бар, тек Қытайда жоқ. Енді біз осы бағытта бірлесіп жұмыс жасайық, Қытайдың заңдарын жақсы түсінеміз, Шынжаң үкіметімен арада дәнегер болаламыз. Үрімжідегі Қазақстанның Консулдығы жанынан филиалдарыңызды ашсаңыздар болмаса өз өкілдеріңізді сонда жіберсеңіздер», деген ұсынысын айтқан Омарәлі Әділбекұлы.

«Ұлы дала» жаздық лагерінің ашылуында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші Орынбасары Зауытбек Тұрысбеков алдағы жылдары елімізге келетін балалардың санын 4 мыңға дейін көбейтеміз деді. Бұл өз кезегінде қаншама баланың Атамекенге аңсарын аудырып, елге қарай ата-анасын бір жола қоныс аударына түрткі болады. Шетелдегі қазақтардың 1/3-і Қытайда тұратынын ескерсек, 4 мың баланың мың жарымға таяуы Қытайдан келер еді. Ол үшін еліміздегі игі бастамалардың хабары уағында бара бермейтін, ақпараттық тұрғыда жабық елдегі қандастарымызбен атамыш ұйымдардың жақыннан жұмыс жасауына тура келеді. «Отандастар қоры» КеАҚ шетелдегі қазақтар үшін «Jas Qazaq» клубы мен «Qazaq uyi» және «Абай» мәдени орталықтары, «Атамекен» іскерлік үйлерін ашуды жоспарлағандарын мәлімдеген болатын. Ендеше осы орталықтарды ашуды Шыңжаңнан бастайтын уақыт келді.

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Шетелдегі қазақ балаларына арналған «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебі ашылды
    Зауытбек Тұрысбеков: Әлемдегі бар қазақты сақтау – ұлт идеясы болу керек!