Солтүстiк Қазақстанға қоныс аударған отбасылар жаңа баспанаға ие болды

Уақыты: 2019-09-20 Көрлімі: 774 Сипаттама

Солтүстiк Қазақстан облысына өзге өңірлерден қоныс аударған отбасылар жаңа баспаналар...

  • Солтүстiк Қазақстан облысына өзге өңірлерден қоныс аударған отбасылар жаңа баспаналарға ие болды. Бұл туралы СҚО әкімінің баспасөз қызметі xабарлады.

  • «Солтүстiк Қазақстан облысы — жұмыс күшi көп өңiрлерден азаматтарды көшiріп алу жобасын жүзеге асырып жатқан жалғыз аймақ. Бұның барлығы 3 жылдық кешендi жоспардың арқасы. Қоныс аударушыларға жалдамалы баспана мен жұмыс берiледi, жеке кәсiбiн ашуға болады», - деді өңір әкімдігінен.

  • Облыс басшысы Құмар Ақсақалов өңiрге көшiп келiп, баспанаға ие болған отбасылармен кездестi. 

  • «Жұмыс күшiн облысқа тарту бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Бiзге дәрiгерлер, мұғалiмдер, механизаторлар, жүргiзушiлер, тракторшылар керек. Жыл басынан берi 1600 адам немесе 518 отбасы келдi», — дедi Құмар Ақсақалов.

  • Облыста биыл 420 үй салынуда. Келесi жылы - 1 мың, 2021 жылы 1,5 мың үй бой көтередi. Биыл жыл соңына дейiн өңiрге 2 мың адам немесе 700 отбасы көшiп келетіні жоспарланған.




Пікір жазу
  • Қазақстан Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруін қолдайды.
    Отандастар қоры мен Жебеу өзара ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қойды

    Ұқсас тақырыптар