Отандастар қоры мен Жебеу өзара ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Уақыты: 2019-09-28 Көрлімі: 1899 Сипаттама

26 қыркүйекте «Отандастар қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Жебеу» Респ...


b869b128-4ad9-4410-aa9b-88a91f1a268b.jpg

26 қыркүйекте «Отандастар қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы  мен «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі  өзара ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Аталмыш Меморандумның мақсаты этникалық қазақтарға, елімізге оралған қандастарға заңдық-құқықтық кеңестер беру мен түрлі құжаттық мәселелерінің шешуілуіне бірге атсалысу, қандастарды жергілікті ортаға бейімдеу мен кәсіпкерлікке бағыттау, мемлекетіміздің тиімді саясаттары мен ақпараттарын жеткізу, еліміздің көші-қон саясатына қолдау таныту.

о1.JPG

Тараптар аталмыш Меморандум шеңберінде келесі ұсынылған бағыттар бойынша әріптестікті жүзеге асыруға ұмтылады:

- Тараптар арасында тікелей серіктестік қатынас орнату.

- Қоғамдық қабылдау бөлімшесін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан ашу және жүргізу.

- Қандастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

- Қандастардың жергілікті ортаға бейімделуіне, кририлл (латын) әріптерін оқып-жазуға көмектесу.

- Қандастардың кәсіпкерлікпен айналысуы және кәсіпте табысқа жетуі үшін бизнес саласы бойынша біліктілігін арттыруға көмектесу.

- Шетелдегі қандастармен байланыс жасап, олармен мәдени қарым-қатынастар орнату. Шетелдегі этникалық қазақтардың еңбектерінің, Қазақстанда қайтадан баспадан шығуына атсалысу.

- Шетелдегі қазақ балаларының елімізге келіп білім алуына ақпараттық көмек беру, оқушыларды жаздық демалыстарында еліміздің демалыс орындарында лагерлер ұйымдастыру.

-  Тараптар өзара ақпараттық қолдау. Шетелдегі ғылым мен білім саласында, әдебиет пен өнерде үлкен нәтижеге жеткен қазақтарды елімізге таныстыру.

- Қандастар көшін солтүстік өңірлерге бағыттауды нәсихаттау және ұйымдастыру.

q1.jpg



Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Солтүстiк Қазақстанға қоныс аударған отбасылар жаңа баспанаға ие болды
    ҚАЗАҚ КАРТАСЫ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?