«Отандастар қоры» Моңғолиядағы қандастармен жиын өткізеді

Уақыты: 2019-11-14 Көрлімі: 1600 Сипаттама

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылдың 18-19 қарашасында Моңғ...

73342817_178395479948440_831765166134657024_n.jpg

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылдың 18-19 қарашасында Моңғолияның Ұланбатыр мен Баян-Өлгей қалаларындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы  "Отандастар қорының" баспасөз қызметі хабарлады. 
Іс-шара аясында отандастарымызбен іскерлік қарым-қатынас орнату және шетелдегі бауырларымызды біріктіруге бағытталған «Қазақ мәдени-іскерлік үйін» құру, оның ішінде:

1. Қор және «Қазақ үйі» жобасының таныстырылымы;
2. Стартаптарды, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау тетіктерін, оның ішінде оларды Қазақстанда ілгерілетудің нақты тетіктерін, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығу жөнінде көмек көрсету;
3. 2020-2021 оқу жылында қандастарымызды ҚР Жоғарғы оқу орындарына қабылдау;
4. «Qazaq eli» жас отандастар клубы және «Qazaq klasy» жобасының таныстырылымы ТАЛҚЫЛАНАДЫ.

Іс-шараға:
«Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов;
«Отандастар қоры» КЕАҚ бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің басқарушы директоры Ғазиз Тастаев;
«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Ақмола облысы бойынша филиалының басшысы Қарлығаш Хожамұрат ҚАТЫСАДЫ.

Мекен-жайы:
1) Ұланбатыр қаласы, Ғылым және технология университетінің конференц залы. 18 қараша, сағат 15:00
2) Баян-Өлгей қаласы, Қобда университеті филиалының конференц залы. 19 қараша, сағат 16:00

Монғолиядағы белсенді қандастарымызды осынау келелі істің қасынан табылуға шақырамыз!

Қосымша ақпаратты +7 (7172) 981404, +7 701 0001404 (Whatsapp) нөмірлері бойынша немесе komek@oq.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.

Пікір жазу
  • А. ​Мамин: Елдеріміз арасындағы ынтымақтастық барлық салада қарқынды түрде дамып жатыр
    Тоқаев: Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат