Тоқаев: Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат

Уақыты: 2019-11-18 Көрлімі: 1973 Сипаттама

Бүгін шетелдегі қандастарды тарихи Отанына көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қ...

Снимок.JPG

Бүгін шетелдегі қандастарды  тарихи Отанына көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданған күн. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.

«18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді», - деп жазды Президент.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • «Отандастар қоры» Моңғолиядағы қандастармен жиын өткізеді
    Биыл Павлодар облысында 236 этникалық қазақ ҚР азаматтығын алған