Көші-қон заңына енген өзгерістер мен толықтырулар Мәжілісте мақұлданды

Уақыты: 2019-12-11 Көрлімі: 630 Сипаттама

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама...

Без названия.jpg

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасына және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген.

 

Заң жобасын таныстырған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов  заңдағы қандастарға жасалған жеңілдіктерді атап өтті.  

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, этникалық қазақтар оралман мәртебесін алу үшін Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін шет мемлекеттің аумағында тұру фактісін растауға тиіс. Іс жүзінде 1991 жылдан кейін дүниеге келген этникалық қазақтар мұндай құжаттарды бере алмайды. Осыған байланысты этникалық қазақтың бұрын ҚР азаматы болмағандығы басты критерий болады. Екіншіден, қандас бауырларымызға қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ өткізілетін құжаттардың тізбесі қайталануына байланысты оралмандардың тұрақты түрде тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығын алуға құжаттарды бір мезгілде беру мүмкіндігі қарастырылады.», – деді Біржан Нұрымбетов.

Заң жобасын таныстру бойынша қосымша баяндама жасаған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман заң жобасының негізгі бағыттарына тоқталды.

«Заң жобасының міндеттері көші-қон заңнамасын тиісті бағыттар бойынша одан ары жетілдіруге бағытталған. Біріншіден, тарихи отанына оралатын  этникалық қазақтар мен еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен жұмыс күші жетісбейтін қоныс аударушылар үшін қолайлы неқұрлым қолайлы жағдайлар жасау; Екіншіден, экономикасының қажеттіліктерін қамтитын қолайлы инвестициялық климат құруға бағытталған сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін құру; халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, заңсыз көші-қонның алдын алу, көші-қон процестерін реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту бағыттары ескерілген»,- деді депутат.

Заң жобасын талқылауда Парламент Мәжілісінің депутаты бұл заң жобасында Оралман атауын Қандастар атауымен ауыстыру көзделгенін, бұл қандастар атауын қолдануды қолдап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде жазғанын атап өтті. Сонымен бірге депутат мемлекеттік қызыметкерлерді қандастарда заңда жазыла бермейтін бауырмалдық, адамшылық қағидаттарын қолданып, жылы қабылдауға шақырды.

Аталмыш заң жобасында Қоныс аударушыларды орналастыру, жұмыспен қамту және бейімдеу жөніндегі әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну мақсатында қандастарға ғана емес, қоныс аударушыларға да бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету жөніндегі орталықтардың функциялары кеңейтілетіні айтылды.

Jebeu.kz

 

 

 


Пікір жазу
  • Біржан Нұрымбетов: Биыл 13 мың қандасымыз тарихи Отанына оралды
    «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалдары қандастар мәселесін шешуге атсалыспақ