Алматы қаласында қандастарды қолдау орталығы ашылмақшы

Уақыты: 2021-01-18 Көрлімі: 608 Сипаттама

Алматы қалалық маслихатының бұрынғы депутаты Фарида Мерхамитқызы Алматы қаласы...

9cf0adfa186a89ba8fc519239fc3130a_big.jpg

Алматы қалалық маслихатының бұрынғы депутаты Фарида Мерхамитқызы Алматы қаласы Әуезов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы жанынан қандастарды қолдау орталығын құру туралы ҚР Президентті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Л.К. Рамазановаға ұсыныс хат жолдаған. Аталмыш хатқа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жауап беріп, экс депутаттың ұсынысына қолдау танытатынын жазған. Сондай-ақ, министрлік Алматы қаласының әкімдігіне қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығын ашу жөнінде ұсыныс хат жолдайтынын хабарлаған. 


"Біздің көтеріп отырған ұсынысымыз: Алматы қаласында Халыққа

кызмет көрсету орталығынан (Әуезов аудандық орталығы) жұмыс жасайтын

орын алып, онда қандастарға қолдау көрсету орталығын ашып, көші-қон

полиция қызметкерлерінен бір адамды іс-сапар негізінде жұмысқа шақырып,

«Әл-Фараби» және «Тұран» университеттерінің заң оқитын студенттерін

практикалық көмекке алып, арнайы заң қызметкерлерінің көмегімен халыққа

тегін түрде қызмет жасасақ деген ұсынысымыз бар. Әрине

қандастарымыздың аналары мен қыз-келіншектерінің мәселесі менің басты

назарымда. Алматы қаласы Әуезов аудандық «Халыққа қызмет көрсету

орталығында» қандастарымызды бейімдеу мақсатында офлайн және онлайн

кабылдаулар жасап азаматтық алуға кұжаттар дайындауға көмектесу,

кәсіпкерлікпен айналысу, еңбекпен қамту, тұрғын үй алу және көпбалалы

аналар мен мүгедектігі бар балалардың жәрдемақысы, зейнетақы

мәселелеріне заңдық кеңес беру орталығын құруды жөн санап отырмыз",- деген хатында Фарида Мерхамитқызы. 

Фарида Мерхамитқызының хаты: 





хат2_page-0001.jpg

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауабы:

QAZAQSTAN RESPYBLIKASYNYN_page-0001.jpg

QAZAQSTAN RESPYBLIKASYNYN_page-0002.jpg

QAZAQSTAN RESPYBLIKASYNYN_page-0003.jpg

Пікір жазу
  • Алаштың айбарлы ақыны – Алмас Ахметбекұлы 60 жаста
    13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

    Ұқсас тақырыптар