Құрметбек Сансызбайұлы: Демография және Көші-қон Агенттігін уақыт өткізбей құру өте орынды

Уақыты: 2021-03-19 Көрлімі: 1067 Сипаттама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса мырза «Демография...


unnamed (7).jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса мырза «Демография және Көші-қон жөніндегі агенттік» құруды ұсынды. Ұсынысы ел арасында қызу талқыға түсіп те кетті. Шындығында бұл соңғы онбес жыл бойы айтылып, жазылып жауыр болса да күн тәртібінен түспей келе жатқан, ел ертеңі үшін өте өзекті де орынды мәселе. Себебі, әлемдегі және қазақ елінің төрт бұрышындағы адамдардың орын ауысып қозғалуы, көші-қон үрдісіне қатысты іс қимыл-қылықтары, ұлтымыздың ден саулығы мен ілім, діни көзқарас, наным-сенім, қарекет, демографиялық өсіміне тікелей қатысты да өте әсерлі... Көші-қон десе елжұрт бұрынғы   “оралман”, қазіргі “қандастар”-ға қатысты мәселе деп қысқаша  топшылай салады. Аса мән де бермей қала береді. Әрине шетелде өмір сүріп жатқан қаракөз қандастарымыз өзінің тарихи Отаны-Қазақстан Республикасының қамқорлық қолдауында болуы елмен етене жақын араласып ұлтының  ұлылық қасиеті, қазақтың құндылық салт-дәстүрімен сусындап та сусындатып та тұруға мүдделі де құқылы. Бұл, олардың өмірінің қажеттілік мәні. Шетелдегі қандастарымыздың көбісін шетелдік деуге де келе бермейді.  Ықылым заманда ақ патша, Кеңес үкіметі дәуірінде шекара бөлісі басқа да заман саясатының салдарынан өзінің ата-бабысының байырғы жұрты шетелдік атанып қалып кеткен қандас бауырларымыз да аз емес. Бұл тарихи дерек өмір шындығы. Бұл бөлек мәселе...

      Осы саламен отыз жылдай қоянқолтық араласқан маман ретінде айтайын дегенім: «Агенттіктің айналысатын негізгі мақсат миссиясы, мемлекеттік мекемелердің және қазақ қоғамы арасына жүйелі жұмыс жүргізіп, мемлекет құрушы қазақ ұлты мен елімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлт этностар өкілі, елімізге келіп кететін, қалып қоятын адамдар қозғалысы. Осы қозғалыстардан туындайтын сан алуан түрлі ағымдар, келеңсіз жайыттар. Осыларға тосқауыл қоятын сара жолды саралап, зерделеп жемісі мен жеңісін тұрақты бақылап басшылық жасау, жәнеде ұлт өсімі, ұрпақ тағдырын тиянақты жоспарлы жүйелеп мемлекетіміз бен ұлтымыздың мерейлі мүдде болмысын сақтап қалу» болмақ. Демографиялық  саясатты иесіз жібергеннен ұтылғанымыз аз емес. Көші-қон үрдісі, көші-қон тұжырымдамасы, халықтың қоныс аударудағы әрекет қимылы,  қозғалыс-қылықтарын үйлестіре жүйелейтін басқарушы бір мемлекеттік жеке мекеме болмай, көші-қонға қатысты мемелекеттік мекемелелер,  органдар өз-өздерінің білгенін істеп өздерінің министрлік, комитеттері бекіткен ереже қағида, стандарттарымен бір біріне үйлесімсіз ағыммен жұмыс жасағанынан көші-қон сальдосы оң нәтижеден қалғаны қашан. Ал елге оралды деп беріліп жатқан ақпараттарға шетелде тұрып жатқан адамдар әржыл сайын қонақ болып келіп қайталанып санға еніп жатқаны да жалған емес. Қазақстанда кейбір статистика мәліметтеріне қатысты көптеген ақпараттарда қателіктер орын ала беретіні де ел келешегі үшін мақтаналарық жағдай емес. Міне осындай статистика,мәліметтер басында көші-қон үрдісі тұрғаны өте өкінішті... 


    Қазақстанда көші-қон үрдісіне қатысты болып жатқан әр бір іс қимыл, дерек көздері, қазақ халқының ұрпағы ертеңгі күні өзінің өткені туралы көріп білетін бет перде-АЙНАСЫ! 

   Міне уақыты келгенде осы айна өткенімізді өкінішпен көрсетпесін десек заман талабына сай Демография және Көші-қон Агенттігін (мүмкін Министрлік) уақыт өткізбей құру өте орынды. 

Бұл, мемлекеттік мекеме  тікелей Президентке бағынышты болуы абзал және көші-қон үрдісіне қатысты мемлекеттік мекемелер басын қосып қазіргі екі көші-қон комиттеттін бірге басқаратын бір ғана жеке Агенттік болса халық үшін қызметі ұзаққа жалғасары анық. Бір сөзбен айтқанда: Еліміз бойынша демографиялық саясат, Ішкі көші-қон, Шетелден келетін қандастар көші-қоны, бұрынғы отандастар көші-қоны, Еңбек күші бойынша келетін шетелдіктер квотасы, халықтың бір орнынан екінші орынға ауысу қозғалысы, уақытша және тұрақты тіркеуге тұру мәселесі, Ықтиярхат алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, Босқын мәртебесін алу, ерікті-еріксіз шетелдерге көшіп кету, шетелдерге жұмыс күші ретінде шығып кетулері, Қандастарымыздың келген ортасына тез бейімделіп кетуіне қатысты «Халықтың көші-қоны» туралы Қазақстан Республикасы Заңына шешімін күткен күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелерді толығымен қамтып жаңалаған заңды бекіттіріп жүзеге асыра бастаса талай келеңсіздіктердің жолы өз өзінен тоқтайтыны да өмір шындығы. 


      Қосымша айтарымыз, бүгінгі қазақ қоғамында халық та қандас бауырларымыз да мемлекеттік мекемелерден гөрі қоғамдық ұйым, азаматтық қағида бойынша қызмет істейтін (мысалы жұмыспен қамту мекемесі) орындарға етене араласып сенім артуда. Бұл әлем елдерінің тәлім тәжірибесі негізінде өркениетті елдерде қызмет түріне еніп кеткен жүйе. Сондықтан Агенттіктің халық пен қандастардың келген ортасына бейімделуі, құжаттары заңды түрде бір жүйеде толықтырылып қызмет көрсетілу мәселесімен азаматтық қызметкерлер айналысуы орынды болуы әбден мүмкін. 

        Жасыратын несі бар, отыз жыл тарихымызда осы көші-қон мәселесіне қатысты тікелей басқарушы билікте (Еңбек министрлігі, Көші-қон комитеті т.б.) нәзік жандылар болған жылдары қазақ көшіне қолдау, қамқолық орын тапай керісінше немқұрайлылық болуы халыққа статистика немесе нақты қызмет түрлері бойынша танылмады. Салдарынан шешімін күткен күрделі мәселе тізімдігі тайға басқан таңбадай қала берді. Содан да болар көші-қон деген мәселе, ермін деген ерлерге тәнтті жаратылыс заңдылығына ажырамастай қалыптасқан қағидасы бар құдірет күші ме деген түйсік санамызға ой сала береді! Сондықтан бұл саланы халқымен де қандастарымен де санаса білетін, оларға есігін айқара ашқан, елін сүйген, еңселі азамат басқарып ел ертеңіне елеулі еңбегін сіңіріп ел айнасын кіршіксіз тазалықпен сақтайтын сара жол салса екен  дейміз! Сіз не дейсіз қаhарман халық!? 


Құрметбек Сансызбайұлы, 

18.03.2021 жылы. 

Алматы облысы.


Пікір жазу
  • Рақым АЙЫПҰЛЫ: Бізде қандастарға берілген квота мөлшері тым аз
    Түркі әлемінің темірқазығы

    Ұқсас тақырыптар