АТАСЫНЫҢ АМАНАТЫ

Уақыты: 2022-05-20 Көрлімі: 542 Сипаттама

Наурыыздың 10 күні жаңа жұмыс орныма жете бергенімде қоңырау шыр ете түсіп,аржағынан...

280760420_3182087932062098_2590361833484242392_n.jpg

      Наурыыздың 10 күні жаңа жұмыс орныма жете бергенімде қоңырау шыр ете түсіпаржағынан  күңгірлеген таныс дауыс "Қайдасың Жаңа жұмыс орныңа барып құттықтап шығам сонымен бірге азырақ бұйымтайым бар" деді. Келістік.Уәделі уақытта Моңғолиядан қозғалған Қазақ көшінің бастаушыларының біріұзақ жыл Талдықорғанда көші-қон саласында еңбек еткен журналистқоғам қайраткері Құрметбек Сансызбайұлы ағамыздың төбесі көрінді. Аман-саулық сұрасыпқұттықтау аяқтаған соң қолыма бір папкы ұстатып жатып "Мына бала ары-бері сандалып қиналып жүр. Талай адамға көмектескеніңді әлеуметтік желіден оқыпжерлестеріңнен естіп жүрмін. Бір келсе сенің қолыңнан келер " - деп салмақ сала сөйледі.

283050807_3182085798728978_1865413768380459352_n.jpg

     "Жазған құлда жазық бар мА?" дегендей ағамыз ат үстінде жүргенде бұл кісімен досым Рақым Айыпұлы арқылы танысып арықарай силасып кеткенбіз. Сексеннен асқан әке-шешемНәбижан Мұқаметқанұлы ағамыздың әкесінің отбасыСәулен Тоққазы досымыздың шешесінің отбасы екі мыңыншы жылдардың басында қотарыла көшіп келгенде осы кісінің арқасында облыстың көші-қон квотасын алған едік"Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі қалай ауыздан кетсін?!" оның үстіне қарабастың емес бейтаныс қандастың қамымен келіп тұрсаӘрине әміріңізге құлдық дейміз .

     Сонымен бұйымтайға келсекҚХР-дың Алтай қаласында зейнетке шыққан Мұқаш Кебекбайұлы деген ақсақалдың екі ұл, бір қызы атамекенге қоныс аударып жер жаннаты Жетісуға ірге қалайды. Өзі де заманның тыныш кезінде келіп-кетіп жүреді. 2013 Жылы қара шаңыраққа ие болып отырған кенже ұлы Нұрболат Мұқаш мезгілсіз дүние салып немересі Еділ Нұрболатұлы жетімдік қамытын киедіменталитеті өзгере бастаған жас келін өз жолына түседі. Қара шаңыраққа ие болып отырған Нұрболаттан қалған жалғыз тұяқты жетілдіріпқатарға қосу ақсақалдың бар уайымына айналады өйткені көп көріпкөп жасаған кәрия заманның неге беталғанын сезген-ді. Адам айтса нанғысыз бюрократиялық кедергілерді жеңіп жеке құжаттарын рәсімдеп мектеп жасына таяған Еділді үлкен ұлы Толқын Мұқаштың қолына әкеліп табыстайды. Енді өзім көшіп келем деп жүргенде Шыңжаңдағы саясат өзгеріп қолындағы паспортын жиып алады мұның соңы пандемияға ұласып шекара жабылады .282099671_3182087918728766_7954815885444031652_n.jpg

       Бұл кезде қара шаңырақтың иесіболашақ атасының аманаты да есейіп-ержетеді. Биылғы ҰБТ-ға тіркелу үшін құжатын іздесе сандықтың түбінде тапжылмай жатқан Қытай төлқұжатының мерзімі 2018 жылы тамыз айында аяқтап кеткен екен. Қазақи жайбасарлық деген осы ғой Жайшылықта жайбарақат жүріпәбден тақамаға келгенде жанталасамыз сонымен жан-жақта анталап жүрген тілі тәттікөмейі ұзын делдалдардың жемсауына барып ұрынамыз. Құрекеңнің айтуыншаатасының аманаты болған баланың паспортын ұзартып берем деп біраз делдал бұл отбасыны сүлікше сорыпты ақыры айналып келіп қандастар мәселесімен кешенді айналысып жүрген Құрметбек мырзаға жолыққан екен ол кісі бізге міндеттедібіз "арық айтып семіз шығуға" тырыстық. ӘуеліҚытай консулының қызметкерлеріне "аманат баланың" құжаттарын жіберіп беріп соңынан құзау салдық. Қытай жергі жергілікті үкіметімен хабарласып қатысты құжаттарды анықтаған консулдық қызметкерлері аптаның басында  Толқын Мұқаш мырзаға хабарласып мамырдың18 күні Еділдің өзін ертіп келіп керекті сауалнамаларды толтырыппаспортын жаңалауға өтініш өткізуді ұқтырыпты .

269815206_3182087895395435_1296334681504650786_n.jpg

     Еділ Нұрболатұлының паспортының мерзімінің 2018 жылы тамызда аяқтағанын жоғарыда айттық  алол жылдарда ШҰАР-да саяси атмосфера өзгеше болатыншетелге шыққандардың  төлқұжатыықтияр хатын жинап алып алдын саяси үйренуге (лагерге )кіргізген, бөлініп-жарылған отбасылардың мүшелері үрей құшағында еді ал біздегі қоғамдық желінің батырлары бет қаратпай айдарынан жел есіп тұрған күн сайын үндеу жәриялап апта аралап баспасөз мәслихатын өткізіпел аралап жылу жинайтын. Қытайдағы қандастардың тағдыры талқыға түсіп жатқанда ҚР республикалық әділет минстрлігіне заңды тіркелген "Жебеу" қоғамдық бірлестігі 18 кісілік делегацияны бастап барып ПекинҮрімші қалаларында лауазымды тұлғалармен кезігіп осыған дейін екі ел басшылары қол қойған дипломатиялық және халықаралық келісім-шарттар негізінде қордаланған мәселелерді үшінші ел араластырмай шешуді ұсынды. 

1535021161472193.jpg

Сол сапардан келген соң арнаулы баспасөз мәслихатын өткізді әрі төлқұжатының мерзімі өтіп кетіп қиналып жүрген 24 адамның одан кейін  80 адамның құжатын Қытай консулына өткізіп жаңартып берді. Осы барыста қандастармен және делдалдармен байланысқа шыққан "Жебеу" порталының реадакторы Тұрдыбек Құрметханұлы барлық құжаттарды тегін дайындасқазіргі "Жебеудің" бас хатшысы Құрмет Қадырғазыұлы барлық арыздар мен өтініштерді Қытай тіліне демалыс уақытын пайдаланып ақысыз аударды. Ұйымдасқан аттөбеліндей топтың ақылшылары мен атамандарысауатсыз жандайшаптары менің, Тұрдыбек Құрметханұлының жеке басына арсыздықпен шабул жасапөсек-аяң тараттыалла жаратқан тәнімізді сөз қылыпжанымызды ауыртты. Әлеуметтік желіде неше түрлі топ құрып психалық қысым жасағанда жаңағы паспорт иелері мен олардан ақша алып жүрген делдалдар үнсіз қалды. Қазір бәрі ұмыт болып барады бірақ біз жасымайжабықпай алға жылжып келеміз. Қандастар куәлігі өтіп кетіп мыңдаған адам аматтық ала алмай қиналғанда "Абай" порталымен бірлесе отырып үкіметкепарламентке үндеу жәриялап осы істің оңды шешілуіне мұрындық болдықПанлемия кезінде қалалық No:12 аурухана мен Әуезов ауданындағы No :137 мектептегі отбасылық жағыдайы төмен оқушыларға екі миллион теңгеден артық қаражат бөлдік. Барлық істе тірегіміз ˗ мемлекетсүйенеріміз ˗ халық болды .

55575739_550795385324224_3930511553970831360_n.jpg

       Қазақ көші жалғасып жатыр. Кемелденіп келеді. Аз-кем көші-қонды атақ шығарыпақша табудың төте жолы деп білетін популистер әлі де бар бірақ көбі әшкере болыпқатардан шығып жатырорнында бар оңалар деген осы. Қара шаңырақтың иесі Еділ Нұрболатұлы алла бұйырса жаңа паспорттын алған соң азаматтыққа өтініш береді оған еш кедергі жоқ. Жаңа Қазақстанның бір азаматы атанады, алда ҰБТ күтіп тұржоғары оқу орнын бітірсе теңін тауып қара шаңырақтың жаңа отауын көтереді дәстүрдің жалғастығыбабалар аманының іске асуы деп осыны айтамыз. Империялар бөліп алған Қазақияның бірігу үдерісі басталғалы отыз жыл болдытабысымыз толағайкемшілік пен әттеген-ай да жоқ емес. Бұл қоғамның даму заңдылығы әр заманның көшінің тарихыәулеттің тіпті әр жекеніңтұлғаның тағдыры нәзік те күрделі құбылыс оның тереңіне бойлап, қатпарына үңілуіміз лазым! Қағанат пен ұлыстыңұлттың шежіресі соған негізделіп жазыладыкейінгілер ғибрат алады. Біз осы тарихи миссияларға бір жағына қатысыпбір жағынан куә болып отырмызсоған шүкіршілік етейік

Омарәлі Әділбекұлы

Дүниезжүзі қазақтары қауымдастығы Алматы қалалық  филиалының төрағасы

Пікір жазу
  • Достықтан артық байлық жоқ...
    Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады