ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінен «Жебеу» Республикалық бірлестігінің Қытайда ұсталған ҚР азаматтары Ерсенбек Құрмет пен Асқар Азатбекке сұрау салып, 2018 жылдың 21 ақпанында ҚР Сыртқы істер министріне жазған хатына жауап келді.
Хатта Ерсенбек Құрмет пен Асқарбек Азаттың Қытай аумағында ұсталуы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне ресми нота жібергенін, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстанның Бейжің қаласындағы Елшілігіне тапсырмалар беріп, тиісті шараларды қолға алғандарын, Қазақстандағы Қытай Елшілігіне ресми сұрау салып, жауап күтуде екендерін айта келіп, «Бұл мәселелер Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық өкілдерінің бақылауында, А.Азатбекті, Е. Құрмет пен Қытайдағы туыстарының қолында қалған баласы Ердосты Қазақстанға қайтару бойынша қытай тарапымен тиісті жұмыстар жүргізілуде»,- деп жазған.
Сонымен бірге, хатта ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған азаматтардың туыстарына тиісті ақпараттарды жібергенін хабарлаған.
Jebeu.kz