Алматыда XV Еуразия медиа форумы өтті

Уақыты: 2018-05-24 Көрлімі: 39 Сипаттама

Бүгін, 22 мамыр күні Алматыда "Эволюцияның 15 жылдығы: құбылмалы дүние және бізге өзгеліс...

наз.JPG

 22-24 мамыр күндері Алматыда "Эволюцияның 15 жылдығы: құбылмалы дүние және бізге өзгеліс әкелетін әлем" атты  XV Еуразия медиа форумы өтті. Форумның алғашқы күні ақпарат құралдарына арналған шеберлік сыныптары болды. Медиа саласының сарапшылары журналистикадағы соңғы тенденциялар мен жаңалықтар қызметінің болашағы туралы әңгімеледі.

Шеберлік дәрістері "Мобильдік журналистикадан әлеуметтік виртуралды шындыққа дейін", "Қауыпты аймақтан репортаж жасау", "Байқоңырдың әсері", "Шындықтан кейінгі кезеңдегі БАҚ этикасы", "Оқшау бұқаралық медиа. Сандық дәуірдегі конвергенттік журналистика", "Жаңалықтар әлемінің келешегі", "БАҚ-тың гендерлік тепе-теңдігі" деген жеті тақырыпта болды.

еур.JPG

Форумның ашылу салтанаты және негізгі отырыстары 23 мамырда болды. Ашылу салтанатында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек және Еуразия медиа форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлейді.

IMG_3658.JPG

Форумға 60 елден 600 делегат қатысады. Медиа форум қонақтары мен қатысушыларының арасында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Италияның бұрынғы премьер-министрі Матео Ренци, халықаралық ұйымдар мен шетел БАҚ өкілдері бар.

IMG_3682.JPG

Биыл форум барысында әлемнің қайта құрылуы, бірігіп әрекет етудің мүмкін сценарийлері, жасыл экономика концепциясы, ақпарат революциясының салдары және инвестиция рөлі сияқты маңызды мәселелер талқыланады. 24 мамыр күні 16:30-да Еуразия медиа форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қортынды сөзін сөйлеп, барша қатысушыларға алғысын білдірді.

Еуразия медиа форумы Қазақстанда 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Форумды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырады.

 Jebeu.kz

文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Қазақ қызы Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды
Жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Ұқсас тақырыптар