ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановқа хат

admin2 2018-02-21 1017 ℃ Қысқаша

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Әбдірахманов Қайрат Құдайберген...

3.jpg

        Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі 

Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлына

Қызметтік хат

"Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігі 2009 жылы 26-шы қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ресми тіркеліп, белгіленген заң аясында жұмыс атқарып келеді. Бірлестіктің жарғысында «Республика аумағына қоныс аударған, этникалық көшіп келушілерді әлеуметтік, саяси және құқықтық жағынан қорғау, олардың лайықты өмір сүруі мен жергілікті жағдайға бейімделуі, сондай-ақ кәсіпкерлік-шаруашылық қызметпен айналысуына көмек көрсету мақсатында құрылады»  деп анық жазылған. Ата заңымызда да еліміздің басты байлығы адам екені анық жазылған. Қазақ елінің азаматын қорғау Қазақстанның міндеті. Қазіргі кезде Қытай халық республикасында тұратын қандастарымыздың түрлі қысымға ұшырап жатқандарын сіздер де білесіздер. Ақпарат құралдарында дипломатиялық нота жолдағандарыңыз да хабарланды. Осыған байланысты Ата заңымыз бен бірлестігіміздің жарғысына сәйкес, қазір Қытай халық республикасының түрмесінде жатқан келесі азаматтарға сұрау салуларыңызды өтінеміз:

1.                Қазақстан Республикасының азаматы Ерсенбек Қурмет 1986 жылы ҚХР-да дүниеге келген, 2017 жылы ҚР азаматтығын алған (жеке куәлік нөмірі: 041694513, ЖСН: 860827399083, паспорт нөмірі: №11314971). 2018 жылдың 9 қаңтарында Бақты бекеті арқылы Қытай халық республикасында өткен жерінен ҚХР құқық қорғаушылары белгісіз себеппен ұстап, осы күнге дейін тұтқындап отыр. Әлі күнге туыстарына тұтқындау себебін айтпаған. Ерсенбек Қурмет үйленген. Әйелі Қазақстанда, 3 жастағы ұлын Ердос Елсенбекұлын өзімен бірге ҚХР-ға алып өткен, қазір ол ҚХР-да, бір отбасы екі жаққа бөлініп қалған.

img021.jpg

img020.jpgimg017.jpgimg018.jpg

2.                Қазақстан Республикасының азаматы Асқар Азатбек 1976 жылы ҚХР-да дүниеге келген, 2017 жылы ҚР азаматтығын алған (жеке куәлік нөмірі: 042174331, ЖСН: 760118000347, паспорт нөмірі: №11483752). Асқар Азатбекті 2017 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан мен ҚХР арасындағы «Қорғас» еркін экономикалық аймағына саудамен барған жерінде белгісіз адамдар ұстап, Қытай халық республикасына алып кеткен. Содан бері бұл азаматтан да ешқандай хабар жоқ. Не себепті ұстағаны, қай жерде жатқаны белгісіз. Туыстары ҚР президентінен бастап барлық құзырлы орындарға хат жазған.

IMG-20171225-WA0011.jpgIMG-20171225-WA0013.jpg

Құрметті Қайрат Құдайбергенұлы сізден осы азаматтардың жағдайы бойынша Қытай халық республикасына жеке-жеке сұрау салып, аталған азаматтардың бойынан нақты қылмыстық іс табылмаған жағдайда елімізге, отбасына оралуына қол үштеріңізді созуларыңызды, егер осы күнге дейін аталған азаматтар бойынша белгілі бір әрекеттер жасап, ҚХР тарабынан жауаптар болған болса, алаңдап отырған осы азаматтардың отбасы мен барша жақын-жанашырларына арнайы мәлімдеме жолдауларыңызды сұраймыз.

"Жебеу" Республикалық

 қоғамдық бірлестігі Төрағасы                                    Адилбекулы Омарали

1.jpg

2.jpg


Jebeu.kz

2017 жылы 18 605 этникалық қазақ оралман мәртебесін алған
Қиырдағы қазақтар. Тағдыр талқысында