"Мақта орнына мия егіңдер" немесе Өзбектегі өзгерістер

admin2 2018-01-14 Қысқаша

‘‘Мақта орнына мия егіңдер’’ немесе Өзбектегі өзгерістер Өткен жылдың соңында Қарақал...

Жарнама орны

‘‘Мақта орнына мия егіңдер’’ немесе Өзбектегі өзгерістер

 1022338455.jpg

Өткен жылдың соңында Қарақалпақстанға барған  Өзбекстан президенті Мирзиеев ‘‘пайдасы болмаса да, мақта еге беретін заман өтті’’ деп көрсетті. Бұл ‘‘мақта еге беретін заманның’’ ғана емес, осы ел үшін тұтас бір заманның өтіп бара жатқандығынан дерек беретіндей!

Берісін айтқанда, президенттің басында егістік құрылымын өзгерту жайлы идея тұр деген сөз. Кеңес одағы республикалардың еңбек бөлісін тағайындағанда, аумағында мақта жақсы өсетін өңірлері бар Өзбекстанды одақтың мақта базасы етіп бекіткен-ді. Арықарайғы жағдай көпке аян, әкімшіл-әміршіл жүйе республикадағы егістік жерлерді жайлы-жайсыздығына қарамай мақта үшін босаттырған. Нәтижесінде одақ шетел мақтасына тәуелділіктен құтылды, Өзбекстан тек мақтаға қарап қалған елге айналды. Егістік жердің бүлінуі мен құнарсыздануын, экологиялық теңдіктің бұзылуын айтпағанда. Енді осы келеңсіздікті еңсеретін мезгілдің жеткендігін президент жете аңғарғандай.

110920Agriculture-Cotton-Harvest-AP_605.jpg

Мирзиеев ‘‘басқа  дақылдарды, пайдасы зор өсімдіктерді егу керек. Мысалы, мия. Бұл- аймақтың тәбиғи-климаттық жағдайына дәл келеді’’ деп қосты. Мұнан оның экономиканың жалаң құрылымынан бас тарту ниетін, экономиканы мақтаны мол егіп шикізат сату деп қарамай, оны өзіндік тәбиғи болмысы мен ғылымилыққа сүйеніп өркендетуге бағыттаған жігерін байқаймыз. Қарақалпақстанның топырағы мен климатынының да осы мия дақылын өсіруге қолайлы деп қарайтын президент  Арал жағасында фармацефтикалық алқаптар қалыптастыруға пәрмен берді. Тапсырма орындалса, бұл егістік құрылымына ғана емес, елдің шаруашылық құрылымына да бүлк еткен бұрылыс әкелгелі тұр.

Осы сияқты кәсіпкерлік еркіндікке жол ашу, бұқараның шағымдарын онлайн желісінде қабылдау, еркін ойлауына байланысты бұрын құрықталған кісілерге бостандық беру, көрші елдермен дүрдараздықты жою және шетелдермен жаңаша сипатта қатынасқа көшу, т.с ізгі харекеттер жаңа президент Мирзиеевтің еншісіне тиіп отыр. Демек, санада бұлқыныс бар деген сөз. Санадағы серпіліс, көзқарастың жаңаруы - бәрінің бастауы.

 Қазір анау-мынау деп жатқанымызбен, Горбачевтің ‘‘жаңаша ойлауыны’’ неге алып келгенін білеміз. Қытайдың бүгінгі табыстарының қайнарында да Дэн Сияупиннің ‘‘Миды алмастырy’’, ‘‘танымды жаңалау’’ бастамалары тұр. Еліміздің бігінгі жетістіктері де белгілі дәрежеде Елбасының аубастағы либерал ұстанымдарының жемісі. Тәбиғи көрші, тарихи туыс Өзбек ағайын  да кемеңгер басшы, игілікті несібеге лайық халық.

   Құрмет Қабылғазыұлы

   Jebeu.kz


Бір белдеудің бергі үші
Назарбаев пен Трамптың кездесуі. Хафиздің жанайқайы